"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік орган туралы үлгі ережесіне сәйкес аудан мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан мәслихатының төрағасы | С. Сапабеков |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы "16" қаңтардағы | |
№ 167 шешімімен | |
бекітілген |
"Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұжан әрі – мәслихатының аппараты) ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырушы, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60.
10. Осы Ереже "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары: аудан мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтар:
өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мәслихат отырыстарына, комиссияларға, жұмыс топтарына, мәслихат органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;
2) міндеттері:
мәслихат депутаттарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
мәслихат аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
мәслихат қарайтын құжаттарды дайындауға қатысуға мүдделі органдар мен ұйымдарды тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
15. Функциялар:
мәслихат регламентіне сәйкес ауданы мәслихатының сессиясы және тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау және өткізу;
депутаттарға мәслихат сессиялары шешімдерінің, тұрақты комиссиялардың қаулылары мен қорытындыларының жобаларын дайындауда көмек көрсету;
мәслихат сессияларының шешімдерін басып шығару және тарату;
мәслихат актілерінің құқықтық сараптамасын және оларды Әділет министрлігінде тіркеуді ұйымдастырады;
мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі, консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттардың сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін уақтылы қарау және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
мәслихат сессияларында айтылған ұсыныстар мен ескертулердің есебін жүргізу және қорытындылау;
аудан мәслихаты төрағасының тапсырмасы бойынша мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, олардың өтініштерін орындау бойынша жұмысты жүзеге асырады;
мәслихаттың қарауына келіп түскен шешімдердің жобаларын қарау;
мәслихаттың басқа органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Бейімбет Майлин аудан мәслихатының төрағасы жүзеге асырады.
17. "Бейімбет Майлин аудан мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
18. "Бейімбет Майлин аудан мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
19. "Бейімбет Майлин аудан мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасауды қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
8) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
9) Осы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру бастамашы болған мәселелер, мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
12) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
13) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Заңмен, мәслихаттың регламентімен және шешімімен қарастырылған, өзге бе өкілеттіктерді орындайды.
"Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
20. Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудандық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.