Павлодар қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 201/26 "2023 - 2025 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 31/3 шешімі

      Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының "2023 - 2025 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы" 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 201/26 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 175980 болып тіркелді):

      1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2023 - 2025 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 224 905 057 мың теңге, соның ішінде:

      салықтық түсімдер – 191 867 796 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 429 925 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 13 695 405 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 18 911 931 мың теңге;

      2) шығындар – 219 048 355 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 341 046 мың теңге, соның ішінде:

      бюджеттік кредиттер – 345 500 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 4 454 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 165 510 мың теңге, соның ішінде:

      қаржы активтерін сатып алу – 165 510 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 5 350 146 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 5 350 146 мың теңге.";

      5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. 2023 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде қала кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының бюджеттеріне Павлодар қалалық бюджетінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерде көзделгені ескерілсін:

      1 346 718 мың теңге – Павлодар және Жетекші ауылдарының, Кенжекөл ауылдық округінің Ленин кентінің автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге;

      386 465 мың теңге – Мойылды ауылының, Ленин кентінің және Кенжекөл ауылдық округінің елді мекендерін абаттандыруға және көгалдандыруға;

      125 287 мың теңге – Кенжекөл ауылдық округі, Мойылды ауылы және Ленин кенті елді мекендерінің көшелерін жарықтандыруға;

      94 685 мың теңге – Ленин кентінде және Павлодар ауылында жаңадан іске қосылатын және жұмыс істеп тұрған мәдениет ұйымдарын ұстауға;

      71 913 мың теңге – Ленин кентінде және Мойылды ауылында жаңадан іске қосылатын және жұмыс істеп тұрған дене шынықтыру және спорт ұйымдарын ұстауға;

      58 296 мың теңге – Мойылды және Жетекші ауылдарының автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

      34 640 мың теңге – жетекші және Мойылды ауылдарының ведомстволық бағынысты дене шынықтыру және спорт ұйымдарының күрделі шығыстарына;

      16 772 мың теңге – Ленин кентінің, Кенжекөл ауылдық округінің және Жетекші ауылының мемлекеттік органдарын ұстауға;

      13 241 мың теңге – Ленин кенті мен Мойылды ауылының мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға;

      13 500 мың теңге – Ленин кентінің және Павлодар ауылының елді мекендерінің санитариясын қамтамасыз етуге;

      12 500 мың теңге - Ленин кентінде және Мойылды ауылында жерлеу орындарын ұстауға және туысы жоқ адамдарды жерлеуге;

      5 961 мың теңге - Ленин кентінің және Жетекші ауылының мемлекеттік органдарының күрделі шығыстарына;

      4 262 мың теңге – Кенжекөл ауылдық округінде "Ауыл - ел бесігі" жобасы шеңберінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға.";

      көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы К. Кожин

  Павлодар қалалық
  мәслихатының 2023 жылғы
  29 мамырдағы
  № 31/3 шешіміне
  қосымша
  Павлодар қалалық
  мәслихатының 2022 жылғы
  23 желтоқсандағы
  № 201/26 шешіміне
  қосымша

2023 жылға арналған Павлодар қалалық бюджеті (өзгерістермен)

Санаты

Сомасы
(мың теңге)


Сыныбы 


Iшкi сыныбы




Атауы

1

2

3

4

5




1. Кiрiстер

224 905 057

1



Салықтық түсімдер

191 867 796


01


Табыс салығы

37 246 088



1

Корпоративтік табыс салығы

14 426 751



2

Жеке табыс салығы

22 819 337


03


Әлеуметтiк салық

14 470 807



1

Әлеуметтік салық

14 470 807


04


Меншiкке салынатын салықтар

7 988 907



1

Мүлiкке салынатын салықтар

5 841 712



3

Жер салығы

517 101



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1 629 896



5

Бірыңғай жер салығы

198


05


Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

130 659 646



2

Акциздер

128 173 618



3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

741 028



4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

1 745 000

1

2

3

4

5


08


Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

1 502 348



1

Мемлекеттік баж

1 502 348

2



Салықтық емес түсiмдер

429 925


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

98 483



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

97 807



7

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

2



9

Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер

674


03


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

3 000



1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

3 000


04


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

7 401



1

Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

7 401


06


Басқа да салықтық емес түсiмдер

321 041



1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

321 041

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

13 695 405

1

2

3

4

5


01


Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

13 319 989



1

Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

13 319 989


03


Жердi және материалдық емес активтердi сату

375 416



1

Жерді сату

320 200



2

Материалдық емес активтерді сату

55 216

4



Трансферттердің түсімдері

18 911 931


01


Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер

13



3

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, аулдық округтардың бюджеттерінен трансферттер

13


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

18 911 918



2

Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер

18 911 918


Функционалдық топ

Сомасы (мың теңге)


Кiшi функция



Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi



Бағдарлама


Атауы

1

2

3

4

5

6





2. Шығындар

219 048 355

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

9 431 703


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

513 625



112


Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты

56 368




001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

56 368



122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

457 257




001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

420 445




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

14 079




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

22 733


2



Қаржылық қызмет

1 070 846



489


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі

1 070 846




001

Жергілікті деңгейде мемлекеттік активтер мен сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

274 490




004

Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу

21 846




005

Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу

102 120




007

Коммуналдық меншікке мүлікті сатып алу

561 000

1

2

3

4

5

6




032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

111 390


9



Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер

7 847 232



454


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

69 602




001

Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

69 602



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

6 142 090




001

Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

2 853 441




067

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

1 117 202




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

2 171 447



459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

159 504




001

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

150 533




015

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

8 971



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

1 476 036




040

Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту

1 476 036

1

2

3

4

5

6

02




Қорғаныс

150 241


1



Әскери мұқтаждар

150 241



122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

150 241




005

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

150 241

03




Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

762 543


9



Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер

762 543



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

708 457




021

Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету

708 457



499


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

54 086




001

Жергілікті деңгейде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

54 086

06




Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

8 651 346


1



Әлеуметтiк қамсыздандыру

672 384



451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

672 384




005

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

672 384


2



Әлеуметтiк көмек

6 650 039



451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

5 647 227




002

Жұмыспен қамту бағдарламасы

1 537 112




004

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету

5 891

1

2

3

4

5

6




006

Тұрғын үйге көмек көрсету

16 754




007

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

1 267 317




010

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету

20 730




013

Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу

362 240




014

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

522 262




015

Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығы

91 358




017

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету

1 690 872




023

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

132 691



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

1 002 812




068

Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау

1 002 812


9



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер

1 328 923

1

2

3

4

5

6



451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

1 328 923




001

Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

208 448




011

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

5 371




050

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту

168 433




054

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

507 344




061

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу

288 000




062

Біліктілік жүйесін дамыту

619




067

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

2 765




094

Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру

146 443




097

Сенім білдірілген агенттің тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша (бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау) қызметтеріне ақы төлеу

1 500

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

27 942 323


1



Тұрғын үй шаруашылығы

12 108 899



463


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі

467 696




016

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу

467 696



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлім

5 325 736

1

2

3

4

5

6




003

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау

2 389 237




004

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру

2 936 499



491


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй қатынастары бөлімі

6 073 212




001

Жергілікті деңгейде тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

76 214




005

Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру

29 886




006

Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету

5 967 112



496


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі

163 585




001

Жергілікті деңгейде коммуналдық шаруашылық және үй қоры саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер

163 585


2



Коммуналдық шаруашылық

5 438 012



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

106 183




058

Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту

106 183



496


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі

5 410 499




016

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі

645 642




026

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру

85 888




028

Коммуналдық шаруашылықты дамыту

382 035




029

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

4 296 934

1

2

3

4

5

6


3



Елді-мекендерді көркейту

10 395 412



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

10 395 412




015

Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру

739 727




016

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету

1 000 369




017

Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу

61 322




018

Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру

8 593 994

08




Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

3 581 054


1



Мәдениет саласындағы қызмет

1 163 827



455


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

688 117




003

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

688 117



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

475 710




011

Мәдениет объектілерін дамыту

475 710


2



Спорт

1 713 752



465


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі

1 109 828




001

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

41 998




005

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту

836 603




006

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

107 503




007

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

8 171

1

2

3

4

5

6




032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі
шығыстары

9 000




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

106 553



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

603 924




008

Cпорт объектілерін дамыту

603 924


3



Ақпараттық кеңiстiк

352 110



455


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

261 083




006

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

249 190




007

Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту

11 893



456


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі

91 027




002

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

91 027


9



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер

351 365



455


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

231 139




001

Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

51 149




010

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

5 086




032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

80 219




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

94 685



456


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі

120 226

1

2

3

4

5

6




001

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

98 498




003

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

21 728

09




Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

121 788


1



Отын және энергетика

121 788



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

121 788




009

Жылу-энергетикалық жүйені дамыту

121 788

10




Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

120 046


6



Жер қатынастары

115 716



463


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі

115 716




001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

111 887




003

Елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру

3 829


9



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер

4 330



459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

4 330




099

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру

4 330

1

2

3

4

5

6

11




Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

713 349


2



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

713 349



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

371 091




001

Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

371 091



468


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі

342 258




001

Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

99 083




003

Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

238 030




004

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

5 145

12




Көлiк және коммуникация

13 446 630


1



Автомобиль көлiгi

10 090 369



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

10 090 369




022

Көлік инфрақұрылымын дамыту

16 493




023

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

8 068 676




045

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу

2 005 200


9



Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер

3 356 261



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

3 356 261

1

2

3

4

5

6




037

Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау

3 356 261

13




Басқалар

534 246


3



Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау

49 746



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

49 746




026

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту

49 746


9



Басқалар

484 500



459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

484 500




008

Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

30 000




012

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві

454 500

14




Борышқа қызмет көрсету

621 415


1



Борышқа қызмет көрсету

621 415



459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

621 415




021

Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету

621 415

15




Трансферттер

152 971 671


1



Трансферттер

152 971 671



459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

152 971 671

1

2

3

4

5

6




006

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

138




007

Бюджеттік алып коюлар

151 788 926




038

Субвенциялар

868 901




054

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару

313 706





3. Таза бюджеттік кредиттеу

341 046





Бюджеттік кредиттер

345 500

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

345 500


1



Тұрғын үй шаруашылығы

345 500



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

345 500




083

Алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға бюджеттік кредит беру

345 500

5




Бюджеттік кредиттерді өтеу

4 454


01



Бюджеттік кредиттерді өтеу

4 454



1


Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

4 454





4. Қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо

165 510





Қаржы активтерін сатып алу

165 510

13




Басқалар

165 510


9



Басқалар

165 510



496


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі

165 510




065

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

165 510





5. Бюджет тапшылығы (профициті)

5 350 146

1

2

3

4

5

6





6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

- 5 350 146

16




Қарыздарды өтеу

6 335 973


1



Қарыздарды өтеу

6 335 973



459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

6 335 973




005

Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу

6 335 973


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады