Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 550/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 1438/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы № 550/2 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтик құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсындаорналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2023 жылғы "07" қарашадағы
№ 1438/2 қаулысына
қосымша
  Павлодар қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "19" сәуірдегі
№ 550/2 қаулысына
қосымша

Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы әкімдігінің уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25.

      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" құрылтайшы құжаты болып табылады.

      12. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

      2. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

      2) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомствоға қарасты ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды ұйымдастыру;

      3) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында әлеуметтік -экономикалық міндеттер кешені мен қалалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      4) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басқа да қаланың ұйымдары және басқа аумақтардың ұйымдарымен өзара іс – әрекет жасау, қаладағы аймақаралық және ішкі байланысты жүзеге асыру;

      5) еңбек ұтқырлығына жәрдемдесу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары;

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1.1 Қазақстан Республикасының Заңдары мен Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президенті актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленген іс - әрекеттерді жасау.

      2) мiндеттерi:

      2.1 Мемлекеттiк органның мiндетi болып табылатын iс-әрекет шеңберiн орындау.

      16. Функциялары:

      1) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      3) жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын болжауды талдау;

      4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстарды жоғары тұрған органға енгізу;

      5) өңірлік жұмыспен қамту картасы жоспарын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      6) Ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;

      7) жұмыс орындарын құруды қолдау кәсіпкерлік бастаманы дамыту;

      8) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында адамдарды ерікті түрде көшіру үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      9) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;

      10) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;

      11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, олардың қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметі;

      12) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

      13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      14) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша Мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру;

      16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

      17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      18) мүгедек адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуде үйлестіру;

      19) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

      20) мүгедектігі бар адамдарды мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

      21) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшіні, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз ету;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын ұсыну;

      23) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      24) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін көрсету;

      25) ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету;

      26) Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету

      27) Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждық есебінде тұрған азаматтарға тұрғын үй сертификаттарын беру;

      28) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі шараларды ұйымдастыру;

      29) қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

      30) ведомстволық бағынысты мекемелердің әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметін үйлестіру;

      31) бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәртебесі, өкілеттігі

      17. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бөлімі" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысын Павлодар қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік мәселелер бойынша Павлодар қаласы әкімі орынбасарының келісімі бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

      1) өз орынбасарларының міндеттерін және өкілеттілігінің және "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің функциялары шегін анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға босатады және қызметке тағайындайды;

      3) белгіленген заңнама тәртібінде "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелердің ережесін бекітеді;

      5) "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісім шарттарды жасайды және сенімхаттар береді;

      7) "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға дербес жауапты болады.

      "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

      22. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алқалы органдары жоқ.

      4. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің органның мүлкi

      23. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесізаңнамадакөзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк қалалық коммуналдық меншiкке жатады.

      25. Егер заңнамада басқасы көзделмесе, "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

      5. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрамына кіретін ұйымдардың тізбесі

      1) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің "Балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу Павлодар қалалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің "Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің "Белсенді ұзақ өмір орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады