Көше атауларын қайта атау және атауларының транскрипцияларын өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Хмельницкое ауылы халқының пікірін ескере отырып және Павлодар облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі Хмельницкое ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      "Восточная" көшесі "Шығыс" көшесіне;

      "Степная" көшесі "Сарыарқа" көшесіне;

      "Октябрьская" көшесі "Желтоқсан" көшесіне;

      "Новоселов" көше қиылысы "Өркениет" көше қиылысына.

      2. Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі Хмельницкое ауылының "Абая" көшесі атауының транскрипциясы "Абай" көшесіне өзгертілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешімоның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкімі А. Султанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады