"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 441 бұйрығы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      19-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мыналарды:

      Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттің аудандық және қалалық аумақтық бөлімшелерінің ережелерін;

      Комитеттің обаға қарсы күрес станцияларының жарғыларын;

      Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің, Комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын;

      Комитеттің жұмыс регламентін бекітеді;";

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінің Комитеттің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының 2-тармағы алып тасталсын;

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы республикалық мемлекеттік мекемелері – Комитетінің обаға қарсы күрес станцияларымен толықтырылсын:

      "Республикалық мемлекеттік мекемелер – Комитетінің обаға қарсы күрес станциялары:

      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Атырау обаға қарсы күрес станциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Орал обаға қарсы күрес станциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады