Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 2024 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 738 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-1) тармақшасына, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 1156 қаулысының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) қызметін жүзеге асыруға 2024 жылға арналған комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда Қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,18 пайызынан аспайтын болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Корпоративтік даму департаменті:

      1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады