2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 147 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы М. Тасмағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің
  2023 жылғы 04 қыркүйек № 147
  қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы және нөмірі

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны (орын, грант саны)

Оқу жылында бір студентті оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)

1.

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В021 Өнер

B021 Орындаушылық өнер

2

922 500

B023 Режиссура, арт-менеджмент

1

922 500

B026 Композиция

1

922 500

B027 Театр өнері

2

922 500

B030 Бейнелеу өнері

3

922 500

2.

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

B006 Музыка мұғалімдерін даярлау

2

901 000

3.

6В11 Қызмет көрсету

6В111 Қызмет көрсету саласы

B092 Тынығу

7

714 900

Барлығы

18


  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің
  2023 жылғы 04 қыркүйек № 147
  қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Резидентура бағдарламаларының медицина мамандықтарының тізбесі

Жоғары білім негізіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны
(орын, грант саны)

Оқу жылында бір студентті оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)

4 айға

8 айға

1.

7R01
Денсаулық сақтау
(медицина)

7R011
Денсаулық сақтау

Терапия

2

466 300

932 600

Физикалық медицина және оңалту
(ересектер, балалар)

2

466 300

932 600

Радиология

4

466 300

932 600

Гастроэнтерология (ересектер, балалар)

1

466 300

932 600

Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)

11

466 300

932 600

Кардиология (ересектер, балалар)

6

466 300

932 600

Жалпы хирургия

7

466 300

932 600

Ересектер онкологиясы

2

466 300

932 600

Педиатрия

2

466 300

932 600

Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)

5

466 300

932 600

Офтальмология (ересектер, балалар)

2

466 300

932 600

Неврология
(ересектер, балалар)

2

466 300

932 600

Эндокринология (ересектер, балалар)

1

466 300

932 600

Травматология-ортопедия
(ересектер, балалар)

2

466 300

932 600

Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)

1

466 300

932 600

Барлығы

50



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады