Тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына сәйкес" автомобиль көлігі туралы "Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына, 20-бабы 1-тармағының 6) және 13) тармақшасына сәйкес тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 16 қарашада № 7297 болып тіркелген), Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық қатынаста жолаушылар автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф барлық маршруттар үшін бірыңғай 100 (жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, Петропавл қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Петропавл қаласы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Мұхамедиев |
КЕЛІСІЛДІ
Петропавл қалалық мәслихатының
төрағасы А. Бердағұлов