Петропавл қаласының қала маңындағы қатынасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтерді белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 1187 қаулысы

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3–тармағына сәйкес, "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 16 қарашада тіркелген № 7297), Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маршруттар үшін қала маңы қатынасында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тариф бекітілсін:

      1) № 101 "Петропавл қ. - Бескөл ауылы" бағыты, 1 (бір) километрге 10 (он) теңге;

      2) № 102 "Петропавл қ. - Подгорное ауылы" бағыты,1 (бір) километр үшін 13,5 (он үш теңге елу тиын) теңге;

      3) № 103 "Петропавл қ. - Архангельск ауылы" бағыты, 1 (бір) километр үшін 14,2 (он төрт теңге жиырма тиын);

      4) № 201 "Петропавл қ. - Пенково ауылы" бағыты, 1 (бір) километр үшін 13,1 (он үш теңге он тиын);

      5) № 301 "Беловка ауылы - Петропавл қ." бағыты, 1 (бір) километр үшін 10,8 (он теңге сексен тиын) ;

      6) № 302 "Петрфельд ауылы - Петропавл қ." бағыты, 1 (бір) километр үшін 10,6 (он теңге алпыс тиын);

      7) № 303 "Боровское ауылы - Петропавл қ." бағыты, 1 (бір) километр үшін 12 (он екі) теңге;

      8) № 304 "Соколовка ауылы - Петропавл қ." бағыты, 1 (бір) километр үшін 10,2 (он теңге жиырма тиын);

      9) № 305 "Петропавл қ. - Ольшанка ауылы" бағыты, 1 (бір) километр үшін 14 (он төрт) теңге;

      10) № 306 "Петропавл қ. Затон ауылы" бағыты, 1 (бір) километр үшін 12 (он екі) теңге;

      11) № 307 "Петропавл қ. - Мамлютка қ." бағыты, 1 (бір) километр үшін 10,9 (он теңге тоқсан тиын).

      2. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, Петропавл қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Петропавл қаласы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі С. Мұхамедиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Петропавл қалалық мәслихатының

      Төрағасы А. Бердағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады