"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Мұхамедиев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
аудан әкімдігінің 2023 жылғы | |
13 қаңтардағы № 5 қаулысымен | |
бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Жер қатынастары бөлімі) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыруға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Жер қатынастары бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, жер қатынастары саласындағы актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Жер қатынастары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Жер қатынастары бөлімінің, егер оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Жер қатынастары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 151100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Ленин көшесі, 2.
10. Осы Ереже Жер қатынастары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Жер қатынастары бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Жер қатынастары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен жер қатынастары бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер жер қатынастары бөліміне Қазақстан Республикасының Жер кодексімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттер:
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскелеріне меншік құқығының және жер пайдалану құқықтарының туындау, өзгеру және тоқтатылу шарттары мен шектерін орындау;
2) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақтың құнарлылығын молайтуды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
14. Өкілеттіктер:
1. Құқықтар:
1) өз құзыреті шегінде жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар және өзге де актілер шығаруға;
2) өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан жер қатынастары саласындағы міндеттерді орындауға байланысты ақпаратты сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген негіздер бойынша жер учаскелеріне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды қарауға енгізуге;
4) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі мен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының Қазақстан Республикасының Жер кодексіне қайшы келетін шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге;
5) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
6) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
7) Осы ережеде, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қатынастары саласындағы саясатын мақсатты түрде жүргізуге;
2) Қазақстан Республикасының Жер кодексімен жер қатынастары бөліміне жүктелген қойылған міндеттерге сәйкес өз функцияларын тиімді жүзеге асыруға міндетті.
15. Функциялар:
1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
3) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;
4) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын және жерді ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
9) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінің аумақтарын жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру;
12) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жер балансын жасау;
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың есебін жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
15) жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын және жер учаскелеріне уақытша өтеулі (жалға алу), уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;
19) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
20) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау;
21) жерді резервтеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
22) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның атқарушы органдарымен, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесімен, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалымен өзара іс-қимыл жасау
23) "Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген);
24) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
25) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер учаскелерін жеке меншікке және жалға беру бойынша ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
26) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың жер қатынастары саласындағы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда қажетті шаралар қабылдау;
27) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және өткізуді қамтамасыз ету;
28) ағымдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру;
29) жер пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қатысты азаматтық істер және әкімшілік істер жөніндегі сот процестеріне қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жер қатынастары саласындағы даулы мәселелерді шешу;
30) шаруашылықтың барлық нысандарын тең құқықты дамыту;
31) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;
32) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары мәселелері бойынша мүдделерін білдіру.
3 тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Жер қатынастары бөліміне басшылықты жер қатынастары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Жер қатынастары бөлімінің басшысын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Жер қатынастары бөлімі басшысының өкілеттіктері:
1) жер қатынастары бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілер үшін жеке құрам бойынша жер қатынастары бөлімінің бұйрықтарын және шарттық негізде, жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы жер қатынастары бөлімінің бұйрықтарын шығарады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
3) жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерін қабылдайды және жұмыстан шығарады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көтермелеу және тәртіптік жаза шараларын қолданады;
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
5) жер қатынастары бөлімінің атынан сенімхатсыз іс-қимылдарды жүзеге асырады, жер қатынастары бөлімінің атынан басқа қызметкерлерге заңмен талапкерге, жауапкерге, үшінші тұлғаға, жәбірленушіге, маманға қол қою және талап арыз, шағым беру, істі сотқа беру құқығымен берілген барлық құқықтармен барлық сот мекемелерінде іс-әрекеттер жасауға өкілеттік береді, талап қою талаптарынан толық немесе ішінара бас тарту және талап қоюды тану, талап қоюдың мәні мен негізін өзгерту, бітімгершілік келісім жасасу, сот қаулысына шағымдану, жер қатынастары бөлімінің мүддесі үшін сот қаулысын мәжбүрлеп орындау талаптары;
6) басшы тікелей бағыныстағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауапты болады;
7) басшы ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы мемлекеттік кепілдіктер туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
8) жер қатынастары бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісінше шаралар қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
10) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша шаралар қабылдайды.
Ол болмаған кезеңде жер қатынастары бөлімі басшысының өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Жер қатынастары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Жер қатынастары бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше белгіленбесе, жер қатынастары бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Жер қатынастары бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.