"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі интернет-ресурсына орналастыруды;
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі | С. Мұхамедиев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
аудан әкімдігінің | |
2023 жылғы 6 ақпандағы № 21 | |
қаулысымен бекітілді |
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Бюджетті атқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Егер Бөлімге "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай Хан көшесі, 11 В.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;
2) басты бағыттарын анықтау және кәсіпкерліктің даму саласында бірыңғай саясатын өткізуін қамтамасыз ету;
3) кәсіпкерліктің дамыту және қолдау өнірлік және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырумен әзірлеуге қатысу;
4) кәсіпкерліктің қолдау инфрақұрылымын дамыту;
5) өнеркәсіп кәсіпорындарының қуатын өсіру бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
6) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтар:
заңнамамен белгіленген тәртіпте банк шоттарын ашуға;
бөлімнің толық атауы бар мемлекеттік және орыс тілінде бланкілер, мөртабандарының мен мөрлерінің болуы;
меншігінде немесе жедел басқармасында оқшауландырылған мүлігі, сондай-ақ өзіндік теңгерімінің болуына;
мүліктік және жеке мүліктік емес құқық сатып алуға және іске асыруға;
сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
осы Ережеде қарастырылған міндеттерді іске асыруға қаражаттарды пайдалану;
бөлімге тапсырылған, шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпараттар мен мәселелер мен тапсырмаларының шешу мәліметтері, қоғамдық серіктестік, аумақтық орындаушы органдардың билігі, орындаушы билік органдары бергіленген тәртіпте сұратуға және қабылдауға.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
белгіленген тәртіпте салықты және басқа міндетті төлемдерді бюджетке төлеу;
осы Ережеде көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларды сапалы және өз уақытылы орындау.
15. Функциялар:
Бөлімге келесi функцияларды жүзеге асыру жүктелген:
1) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 193 (төртінші және бесінші бөліктермен), 199, 202, 204, 204-2, 204-3, 204-4-баптармен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) Бөлім қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;
5) индустриялық-инновациялық дамыту аумақтық бағдарламаны әзірлеу және іске асыруға қатысу;
6) инновациялық қызметтің инвестициялық және арнайы субъектілерін құруға қатысу;
7) қабылданған бағыттарға сәйкес жалпы экономикалық және әлеуметтік манызы бар инвестициялық жобаларды таңдауға және бағалауға қатысу;
8) кәсіпорындарға инвестицияларды, инвестицияларды тартуға оның ішінде шетелдік қолайлы жағдай жасауына көмек көрсету;
9) индустриялық – инновациялық дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік, мемлекеттен тыс мекемелерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға әдістемелік көмек көрсету;
10) импорт аумастыру өндірісін және тәғы басқа дамыту жөніндегі мемлекеттік шаралар іске асыруына қатысу;
11) экономикалық реформаларын тереңдету аумақтық бағдарламаларын және өндірістік күштерінің сызбаларын әзірлеуге қатысу;
12) қызмет көрсету және сауда саласында заңнамаларын орындау жөніндегі мемлекеттік органдардың және шаруашылық субъектілерінің қызметін үйлестіру;
13) қызмет көрсету және сауда саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
14) әлеуметтік маңызы бар тауарларға және қызметтерге баға мониторингін жүзеге асыру, инфляция деңгейін төмендету зерделеу, басты тауарлар бағаларын тұрақтандыру жөніндегі меншік нысандарына қарамастан мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметін үйлестіру;
15) тауарларын іске асыру және өндіріске қолайлы жағдай құру, қызмет көрсету саласында және сауда қызметін дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, қызмет көрсету саласында және сауда қызметінде мониторингті жүзеге асыру;
16) сауданы дамытуға байланысты сауда көрмелерін, жәрмеңкелерді, аукциондарын, конкурсты өткізуге дайындау және қатысу;
17) сауда қарым – қатынастарын жетілдіру мақсатымен азаматтарды және жеке кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің ұсыныс тарын жүргізу талдау және қарау;
18) сауда саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар дайындау және енгізу;
19) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау өңірлік аудандық бағдарламасын әзірлеу;
20) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік, облыстық және аумақтық бағдарламаны орындауына бақылауды жүзеге асыру;
21) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімнің кәсіпкерлермен кездесуін уйымдастыру және өткізу;
22) шағын кәсіпкерлікке қаржылық, техникалық және консультативтік көмек беру мәселелерінде басқа ұйымдармен өзара іс қимыл жасауын ұйымдастыру;
23) шағын бизнестің субъектілері бойынша информациялық базаның мәліметтерін құру және жаңарту жөніндегі жұмыстар;
24) шағын бизнес субъектілерінде сауалнама жүргізу;
25) "Шағын бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкері" атты аумақтық байқау өткізуін ұйымдастыру;
26) кәсіпкерлердің жеке үндеулерін және ұсыныстарын, шағымдарын, хаттарын белгіленген тәртіпте қарау;
27) облыстық, аудандық бюджеттен ертеде берілген несие бойынша мониторинг жүргізу;
28) шағын несие беру ұйымдарымен, ауылдық несие серіктестіктерімен шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне екінші деңгейдегі банктерімен несие бөлу туралы ақпарат жинау;
29) шағын кәсіпкерліктің көрсеткіштері бойынша әлеуметтік – экономикалық дамыту орташа мерзімді жоспарын құрастыру.
Тарау 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Бөлімнің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Бөлім басшысының орынбасары жоқ.
19. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
1) өз мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Бөлім қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазаға тартады;
4) Бөлім бұйрықтарына қол қояды, сонымен қатар жарлық береді, Бөлім қызметкерлеріне орындау үшін міндетті нұсқауларды береді;
5) мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
6) әйелдер мен ер адамдардың тең мүмкіндіктерін және тең құқықтарына мемлекеттік кепіл туралы заңын сақтау қамтамасыз етеді;
7) Бөлімнің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сақтауға тікелей жауап береді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара қолданады.
Бөлімінің басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі
20. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
21. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен, егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.