"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 2-2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы С.Қ. Майәміроваға жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданы мәслихатының төрағасы
С. Баумағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 31 наурыздағы № 2-2
  шешіміне қосымша

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихаты аппаратының, егер оған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімдерін және мәслихат төрағасының өкімдерін қабылдайды. Аудандық мәслихаттың шешімдері Қазақстан Республикасының Бюджеттік, Еңбек және Жер кодекстеріне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Құқықтық актілер туралы", "Жайылымдар туралы", "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес қабылданады.

      8. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28.

      10. Осы Ереже Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппаратына Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихаты аппаратының міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

      2) мәслихаттың қызметін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңында белгіленген тәртіппен сессияларда, тұрақты комиссиялар және депутаттар арқылы қамтамасыз ету;

      3) мәслихат сессияларында жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстары мен азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      4) Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихат төрағасының, мәслихат депутаттарының және мәслихат аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

      5) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;

      6) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауданның қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      аудан мәслихаты қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату құқығы;

      қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша аудан аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы;

      аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

      депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақытылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу;

      облыстың тексеру комиссиясынан аудан бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы;

      қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      2) Міндеттері:

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау;

      Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауға жол бермеу;

      ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;

      азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.

      15. Функциялар:

      1) мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді, оның ішінде мәслихат сессиясына енгізілген негізгі мәселелердің бекітілген тізбесі негізінде, сондай-ақ тұрақты комиссиялар, депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша онлайн-трансляцияны қамтамасыз ету;

      2) аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттерді қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету және аудандық мәслихаттың құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер;

      3) нормативтік құқықтық актілерге заң сараптамасын жүргізуді және әділет органдарында азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихат шешімдерін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;

      4) аудандық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың құзыретіне жататын ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету;

      5) депутаттық қызметті қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу;

      6) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ресми сайтының жұмыс істеуін және уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету;

      7) аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

      8) аудандық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеушінің ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыруы;

      9) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, жария тыңдауларды, жұмыс сапарларын дайындауды жүзеге асыру, қаралатын мәселелер бойынша материалдарды талдау, жинақтау және тұрақты комиссия мүшелеріне уақтылы ұсыну, комиссия қаулыларының жобаларын әзірлеу және келісу;

      10) аудандық мәслихаттың интернет-ресурсы және әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттарының жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;

      11) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылар кездесулерде және өтініштерді, ұсыныстарды, проблемалық мәселелерді қабылдауда айтқан қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз ету;

      12) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының мүдделерін сот органдарында қорғауды қамтамасыз ету;

      13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      14) комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;

      15) мүліктің және міндеттемелердің болуы мен қозғалысын есепке алуды қамтамасыз ету, бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес материалдық және қаржы ресурстарын пайдалану, шаруашылық қызметтің теріс нәтижелерін болғызбау;

      16) Қазақстан Республикасының соттарында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының мүдделерін білдіру.

3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты аудандық мәслихаттың төрағасы жүзеге асырады, ол Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Аудандық мәслихаттың төрағасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке сайланады және қызметтен босатылады.

      18. Аудан мәслихатының төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды тұлға болып табылады.

      19. Аудан мәслихаты төрағасының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасауды қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, құжаттарға қол қояды;

      2) аудан мәслихатының сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      3) аудан мәслихаты сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      5) депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

      6) аудан мәслихаты аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) аудан мәслихатына сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты үнемі ұсынып тұрады;

      8) аудан мәслихатының мемлекеттік органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастама жасаған аудандық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      11) тұрақты комиссиялардың қызметін үйлестіреді;

      12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қатынастарда аудандық мәслихаттың атынан өкілдік етеді;

      13) аудандық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;

      14) егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауыстары тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдаланады;

      15) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      16) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.

      17) аудандық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады;

      18) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      19) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихаттың регламенті мен шешімдерінде көзделген өкілеттіктерді орындайды.

      20. Аудандық мәслихат төрағасы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат аппараты басшысының өкілеттігін айқындайды.

      21. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратының басшылығы мен еңбек ұжымының өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес айқындалады.

      22. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен сатып алынған мүлік есебінен қалыптастырылады.

      24. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық және Еңбек кодекстеріне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына, сонымен қатар, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қарауында ұйымдар жоқ.

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қарауында аумақтық органдар жоқ.

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қарауында мемлекеттік мекемелер жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады