Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-5 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 2-6 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4842 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысы регламентінің 3-тармағында:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";

      оныншы абзац алып тасталсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының төрағасы
С.Баумағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады