Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 12.04.2023 № 73 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65 бабы 3 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 144 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"9. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ заңды тұлғаның мекенжайы: индексі 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Иманов көшесі, 78А.";
жоғарыда көрсетілген қаулы қосымшасының 15тармағының 14) тармақшасы алынып тасталсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеу жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің міндетін атқарушы | А.Кравчук |