Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы әкімінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 65 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 263 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне электр тораптарды жүргізу мен пайдалану (өндірістік аумаққа электрмен жабдықтау сыртқы желілерін салу) үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,3526 гектар, оның ішінде жайылымдар 0,14 гектар, жолдар 0,1878 гектар, құрылыстар 0,0248 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут 5 жыл мерзімге белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары А.К. Биктимировке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мамлютка қаласының әкімі Е.Самарханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады