Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 маусымдағы № 24/5 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
оныншы абзац алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | А. Асанова |