Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаcының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 44 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаcының мөлшері күнтізбелік тоқсан күн мерзіміне – басты пияз – килограмм үшін 206 теңге болып бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі C. Шәпкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады