Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ "Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп – ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 67-VIII шешімі

      Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ "Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп – ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4092 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына және "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

      2-қосымшада:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 7-1) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "3-1) ірі габаритті қалдықтар – мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;

      7-1) мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:

      1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.;

      Жеке және заңды тұлғалар құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жұмыскерлер контейнерлерден мамандандырылған көлікке түсіру кезінде төгілген қоқыстарды дереу жинайды.";

      мынадай мазмұндағы 32-1 және 33-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "32-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.

      33-1. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады