"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 86 "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. "Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы "18" шілдедегі № 131 қаулысына 1-қосымша |
|
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы "18" шілдедегі № 131 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша экономика, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқаруды, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарымен, салықтық және ақша кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасап отырып, бюджет және инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;
өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
облыстық бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
бюджеттік есептілікті жасау;
Басқармаға жүктелген өзге де міндеттер.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
облыс әкімдігіне облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
өз құзыретi шегiнде облыс әкіміне, облыстық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдарға облыстың қалалары мен аудандарында экономика саласында жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар (ұсынымдар) жолдауға;
өз құзыретi шегiнде құқықтық актілерді әзiрлеуге және шығаруға;
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi ақпарат пен құжатты сұратуға және алуға;
келісу бойынша олардың құрамына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін қосу арқылы уақытша жұмыс топтарын құруға;
бюджеттік заңнама және бухгалтерлік есепті жүргізу салаларындағы қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2) Міндеттері:
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсінік беруге;
заңды және жеке тұлғалар ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;
Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
14. Функциялары:
1) әлеуметтік –экономикалық даму болжамын әзірлеу, облыс әкімдігіне мақұлдауға енгізу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
2) облыстың даму жоспарын жасақтау;
3) облыстың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту жөнінде шаралар әзірлеу және қабылдау;
4) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауы туралы ақпаратты зерделейді, талдайды және оның негізінде ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі қорытынды талдамалық ақпаратты дайындайды және өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
5) даму әлеуеті бар ауылдардың (негізгі және серіктестік, оның ішінде стрегиялық маңызы бар ауылдық елді мекендер) тізбесін бекіту жөніндегі шараларды айқындау және қабылдау;
6) ауылдық аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
7) Ұлттық жобаны әзірлеуге жауапты уәкілетті органға "Қуатты өңірлер- ел дамуының драйвері" (Ауыл ел бесігі жобасы, моноқаланы дамыту жоба аясында) ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы ақпарат ұсыну;
8) Даму тұжырымдамасын әзірлеуге жауапты уәкілетті органға Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы есепті ұсыну;
9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарының инвестициялық жобаларының тізбесін анықтайды;
11) инвестициялық ұсыныстарда қамтылған бюджеттік комиссиялар мақұлдаған бюджеттік инвестициялық жоба бойынша тізбесін қалыптастыру, бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша тізбені қалыптастыру, бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер тізбесі, оның ішінде бөлінетін тиісті бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жоба;
12) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;
13) жер қойнауын пайдаланушылар бойынша түскен құжаттарға экономикалық сараптамалар жүргізу;
14) бюджеттік инвестициялық жобаларға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытындылар дайындау;
15) облыс бюджетiн нақтылау (түзету) туралы ұсыныстар әзiрлеу,
16) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асыру;
16) тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетін бекіту және бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөніндегі облыстық мәслихат шешiмдерiнің жобаларын әзiрлеу;
17) тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетін бекіту жөніндегі мәслихаттардың шешiмдерiн iскe асыру туралы облыс әкiмдігі қаулысының жобасын әзірлеу; облыс бюджеті және қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің үшжылдық кезеңге арналған көлемi туралы облыстық мәслихаты шешiмiнің жобасын әзiрлеу;
18) облыс бюджеті және қалалар мен аудандар бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің үшжылдық кезеңге арналған көлемі туралы облыстық мәслихаты шешімінің жобасын әзірлеу;
19) облыстық бюджеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру;
20) әкімшілер шығыстарының лимитін және бюджеттік бағдарламаны айқындау;
21) облыстық бюджеттен қалалар мен аудандардың бюджеттерiне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттер көлемiн қарайды және ұсыныстар дайындау;
22) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
23) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, жергілікті бюджет бойынша түсімдердердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақытылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
25) бюджет ақшасын басқару;
26) түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;
27) қолма-қол ақша легінің болжамын жасау;
28) ішкі нарықта айналысқа арналған мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі іс-шараларын жүргізу;
29) бюджеттік мониторинг жүргізу;
30) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тоқсан сайын бюджеттік мониторингтің нәтижелері және жыл қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақытылы орындалмағаны туралы ескертпе ақпарат беру;
31) ай сайын облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
32) республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті жасау және ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну;
33) облыс бойынша бюджеттік есептілікті жасау және ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну:
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп;
филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есеп;
облыс бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп;
34) облыс бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау және ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну;
35) берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті жасау және ведомствоға ұсыну;
36) бюджеттік алып қоюлар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджетке аудару;
37) Атырау облысы жергілікті атқарушы органының қарыздарына қызмет көрсету;
38) облыстық бюджеттік төтенше резевінен шығыстарды қаржыландыру;
39) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің мониторингін жүзеге асыру;
40) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тіркеуге жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің шарттарын/ қосымша келісімдерін ұсыну;
41) азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну;
42) заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Басшы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Басқарманың мүлкі
20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы "18" шілдедегі № 131 қаулысына 2-қосымша |
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №61 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы №10 сәуірдегі №86 "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.
2. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы №17 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы №10 сәуірдегі №86 "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.
3. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 14 маусымдағы №227 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы №10 сәуірдегі №86 "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.
4. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №302 "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері" қаулысы.
5. Атырау облысы әкімдігінің қаулысы 2017 жылғы 10 қарашадағы №277 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы №10 сәуірдегі №86 "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.
6. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қазандағы №270 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы №10 сәуірдегі №86 "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.
7. Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы №94 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы №10 сәуірдегі №86 "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.