Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 86 "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 94 қаулысы. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 18.07.2023 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 86 "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Б.Таушовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 4 мамырдағы
№ 94 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімиятының
2008 жылғы 10 сәуірдегі
№ 86 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша экономика және мемлекеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.

      9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;

      әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарымен, салықтық және ақша кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасап отырып, бюджет және инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      Басқармаға жүктелген өзге де міндеттер.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      облыс әкімдігіне облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;

      мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды Басқарманың құзыретіне кіретін бағыттар бойынша icке асыру мониторингін жүзеге асыруға;

      өз құзыретi шегiнде облыс әкіміне, облыстық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдарға облыстың қалалары мен аудандарында экономика саласында жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар (ұсынымдар) жолдауға;

      өз құзыретi шегiнде құқықтық актілерді әзiрлеуге және шығаруға;

      өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi ақпарат пен құжатты сұратуға және алуға;

      келісу бойынша олардың құрамына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін қосу арқылы уақытша жұмыс топтарын құруға;

      қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2) Міндеттері:

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсінік беруге;

      бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

      Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

      Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      14. Функциялары:

      1) облыстың атқарушы органдарының қатысуымен бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау;

      2) болжамды әкімдік отырысының қарауына ұсыну, әкімдікпен мақұлданған болжамды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

      3) бесжылдық кезеңге арналған облыстың даму жоспарын жасақтау;

      4) облыстың даму жоспары, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;

      5) "Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылға дейінгі" бағдарламасы аясында моноқалаларды дамыту бағыты бойынша мониторинг жүргізу;

      6) Атырау облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бағдарламаның орындалуына мониторинг жүргізу;

      7) қаланың және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ай сайын мониторинг жүргізу және жыл қорытындысы бойынша облыстың паспортын әзірлеу;

      8) ауылдық елді мекендердің дамуын мониторингілеу;

      9) ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін анықтау;

      10) әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдауды іске асыру және мониторинг жүргізу;

      11) "Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылға дейінгі" бағдарламасы шеңберінде "Ауыл-Ел бесігі" жобасын іске асырылуына мониторинг жүргізу;

      12) үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін облыстық бюджеттің түсімдері мен шығыстарын болжау;

      13) тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық- экономикалық негіздемелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің конкурстық құжаттамасын, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті және концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін жергілікті бюджеттік инвестициялық, концессиялық жобалардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;

      14) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларының инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;

      15) жер қойнауын пайдаланушылар бойынша түскен құжаттарға экономикалық сараптамалар жүргізу;

      16) бюджеттік инвестициялық жобаларға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытындылар дайындау;

      17) облыс бюджетiн нақтылау (түзету) туралы ұсыныстар әзiрлеу, бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде бюджеттің кіріс бөлігінің болжамдық параметрлерін айқындау үшін жергілікті бюджеттің түсімдерін болжау;

      18) тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетін бекіту және бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөніндегі облыстық мәслихат шешiмдерiнің жобаларын әзiрлеу;

      19) тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетін бекіту жөніндегі мәслихаттардың шешiмдерiн iскe асыру туралы облыс әкiмдігі қаулысының жобасын әзірлеу; облыс бюджеті және қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің үшжылдық кезеңге арналған көлемi туралы облыстық мәслихаты шешiмiнің жобасын әзiрлеу;

      20) облыс бюджеті және қалалар мен аудандар бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің үшжылдық кезеңге арналған көлемі туралы облыстық мәслихаты шешімінің жобасын әзірлеу;

      21) облыстық бюджеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      22) ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерiн қалыптастыру;

      23) облыстық бюджеттен қалалар мен аудандардың бюджеттерiне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттер көлемiн қарайды және ұсыныстар дайындау;

      24) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат кестелерін талдауды жүзеге асырады, олардың штат санын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу.

      25) заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      9) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      19. Басшы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады