"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 14 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Еркінқала ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің Балауса тұрғын үй алабының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) № 19 көшеге - Нұрсұлтан Сүнелдіков көшесі;
2) № 20 көшеге - Ыбыраш Әлжанов көшесі;
3) № 3 көшеге - Әлімхан Ермеков көшесі;
4) № 1 көшеге - Шерхан Мұртаза көшесі;
5) № 36 көшеге - Тұманбай Молдағалиев көшесі;
6) № 31 көшеге - Шәкен Ниязбеков көшесі;
7) № 22 көшеге - Мұстафа Өзтүрік көшесі;
8) № 39 көшеге - Бекет ата көшесі;
9) № 30 көшеге - Жұмабек Тәшенов көшесі;
10) № 32 көшеге - Ержан Рахметқалиев көшесі;
11) № 28 көшеге - Хайреден Сейітов көшесі;
12) № 6 көшеге - Есқайыр Наурызбаев көшесі.
2. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің Еркінқала ауылының кейбір көшелеріне атаулар берілсін:
1) № 11 көшеге - Рақымжан Қошқарбаев көшесі;
2) № 9 көшеге - Тахауи Ахтанов көшесі;
3) № 5 көшеге - Ермұхан Бекмаханов көшесі;
4) № 6 көшеге - Оразғали Есмақанов көшесі;
5) № 46 көшеге - Қисмет Акудин көшесі;
6) № 41 көшеге - Мұхит Шажимов көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғанкүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еркінқала ауылдық округінің әкімі |
М. Құмарғалиев |