"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
2. Мәслихаттың 2022 жылғы 20 мамырдағы № 134-VII "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекетттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Н. Мусин |
Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 12-VІІI шешімімен бекітілген |
"Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - мәслихат аппараты) тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат хатшысының өкімдерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Е.Қазақстан көшесі 11, пошталық индекс: 060300.
10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыстық, аудандық атқарушы органдардың құқықтық-нормативтік актілері мен тапсырмаларының жергілікті жерде орындалуын жүзеге асыруда "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптары негізінде аудандық өкілді орган- аудандық мәслихаттың құзыретін қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
14. Өкілеттіктері:
1. Құқықтары:
1) уақтылы, дер кезінде өз бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыруға;
2) өзіне берілген мемлекеттік меншікті тиімді басқаруға;
3) аппаратты ұстауға бөлінген бюджеттік қаражатты басқару, координациялау және бақылауды тиімді жүргізуге;
4) аудандық мәслихат аппаратының негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты жеке және заңды тұлғалармен шарттар, келісімдер жасауға;
5) аудандық әкімдікпен, оның атқарушы органдарымен, экономика және қаржы бөлімімен және басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты байланыста болуға;
6) тиісті органдар алдында қаржылық, салықтық, статистикалық есептер беруге;
7) өкілді органның жұмысын қамтамасыз етуге байланысты аппараттың құзыретін жүзеге асыруға құқылы;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
2. Міндеттері.
1) аудан әкімінің аппаратымен, аудандық атқарушы органдармен, ауылдық округ әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі нормативтік актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын орындау және саяси мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда өкілді органның құзыреті шегінде қызметін ұйымдастыруды жетілдіру;
3) ауданның атқарушы және өкілді органының шығарған шешімдері мен қабылдаған бағдарламаларының аудан көлемінде жүзеге асырылуына бақылау жүргізіп, оның құқықтық қамтамасыз етілуін және орындалуын ұйымдастыру. Тұрғындармен тығыз байланыста болу үшін аудандық мәслихаттың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру;
4) депутаттардың құзыреті мен құқықтарын, міндеттерін жүзеге асыруға тиісті жағдай жасауға жәрдемдесу, құқықтық–практикалық көмек көрсету;
5) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін және депутаттарды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес қажеттілігіне байланысты қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу;
6) аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерінің мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті сақтау мен тапсырмаларды іске асырудағы жауапкершілік қызметтерін жетілдіру;
7) аудандық мәслихат құзыретін тиімді де, сапалы жүргізу үшін қызметтік, электрондық, интернеттік аппараттармен жабдықтай отырып, оның сапалы қызметін қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының талаптары негізінде туындайтын функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мәслихат аппаратын басқаруды "Исатай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы – мәслихат төрағасы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мәслихат аппаратының бірінші басшысы – мәслихат төрағасын аудандық мәслихат сессиясында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланады және лауазымнан босатылады.
18. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының талаптары негізінде жүзеге асырылады.
Мәслихат аппаратының бірінші басшысы - мәслихат төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
19. Исатай аудандық мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат төрағасы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мәслихаты аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Мәслихат аппаратының қарамағында ведомстволық ұйымдар жоқ.