Сафон ауылдық округінің көшесіне қайта атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 22 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық онамастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде және Сафон ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескеріп ШЕШТІМ:

      1. Сафон ауылдық округінің Сафон ауылының "Затон" көшесіне "Береке" атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін.

      Округ әкімі Р. Камзаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады