"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысының білім басқармасының "Төлеби ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 165 қаулысына қосымша |
Түркістан облысының білім басқармасының
"Төлеби ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Түркістан облысының білім басқармасының "Төлеби ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеме болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлім құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласы, Төлеби көшесі, №235 үй, индексі: 160100.
9. Бөлімнің құрылтайшысы: Түркістан облысының әкімдігі болып табылады (бұдан әрі - Құрылтайшы).
10. Бөлімнің уәкілетті органы: Түркістан облысының білім басқармасы (бұдан әрі - Уәкілетті органы).
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
1) аудан аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
6) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығын қалыптастыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде уәкілетті органның басшысына бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар енгізу;
Бөлімге жүктелген функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіпте тиісті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан қажетті мәліметтерді, деректерді алу мақсатында мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен өзара әрекеттеседі;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша келісімдерге, өзге де құқықтық актілерге қол қою;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарына жауапкер немесе талапкер болады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды атқарады.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді;
мемлекеттік бағдарламаларға талдау және мониторинг жүргізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге міндеттерді жүзеге асырады.
16. Функциялары:
1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;
2) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылыс жайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастыру;
5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз ету;
6) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
7) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
8) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдесу;
9) аудандық ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
10) жыл сайын 1 тамызға дейін аудандарда орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;
11) аудандық ауқымдарда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
12) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) оқытуды қамтамасыз ету, оларға білім беру ұйымдарында білім алу үшін арнайы жағдайлар жасау, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды бейімдеу қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарының, құрылыстары мен үй-жайларының қолжетімділігі;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
14) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, аудандарда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
15) аудандық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
16) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
19) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, оның ішінде аудандарда орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізу;
22) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
23) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз ету;
24) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;
25) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
26) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
27) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
28) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру;
29) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпте ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
31) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
18. Бөлімнің бірінші басшысы қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және босатылады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлімнің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) Бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің, Уәкілетті органның тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Бөлім қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Бөлім қызметкерлерінің, Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттерін бекітеді;
5) Бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Бөлім мүддесін ұсынады;
7) келісім-шарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) банкте шоттар ашады;
10) өз уәкілеттігі шегінде барлық Бөлім қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) Бөлім қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;
12) Бөлім басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;
13) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Бірінші басшы өз мамандарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Бөлімнің мүлкі
21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді және қарамағындағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімнің қарамағындағы ұйымдар:
1) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Алина" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Балдаурен" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Бәйшешек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жансая" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып;
5) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Мағжан" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
7) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Балажан" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
8) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Күншуақ" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
9) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Аяулым" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
10) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Атамекен" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып;
11) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Балбөбек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
12) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ақарыс" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
13) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Бәйтерек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
14) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Рауан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
15) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ақбөпе" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
16) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Балаби" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
17) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Гүлдер" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
18) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Нұрсәт" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
19) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Айым" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
20) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Арай" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
21) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Балауса" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
22) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Болашақ" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
23) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Береке" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
24) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ақбота" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
25) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Бағлан" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
26) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Абай атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Сәдуақас Темірбеков атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Алатау" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ақайдар" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ақбастау" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№1 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№3 П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№4 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№5 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№6 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№7 ІТ мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№8 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
42) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№16 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
43) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Б.Биболатұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
44) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Байболов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
45) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Балдыберек" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
46) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Диханкөл" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
47) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
48) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Төлепбек Назарбеков атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
49) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Керегетас шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
50) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қайнар" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
51) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қасқасу" шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
52) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қазақстан" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
53) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қаратөбе" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
54) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қостөбе" шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
55) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Майбұлақ" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
56) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Бірінші мамыр" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
57) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
58) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Момынай" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
59) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Мәдени" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
60) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жаңажол" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
61) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жаңа-ұйым" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
62) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
63) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Тағайна" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
64) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
65) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Т.Тоғысбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
66) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Төлеби жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
67) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Нысанбек жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
68) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Сарқырама" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
69) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ұйымшыл" шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
70) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ынтымақ" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
71) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ханарық" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
72) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Сұлтан рабат" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
73) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Шомшақты" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
74) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жыланбұзған" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
75) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Алтынбастау" негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
76) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ә.Молдағұлова атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
77) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Біркөлік" шағын жинақты негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
78) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Тасарық" арнайы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
79) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қаратөбе" негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
80) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жеңіс" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
81) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Аршалы" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
82) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Әңгірата" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
83) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
84) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қазығұрт" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
85) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қосағаш" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
86) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Оңтүстік" негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
87) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Төңкеріс" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
88) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№17 шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
89) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Көксайек" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
90) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Көксайек" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
91) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Шұбарағаш шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
92) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Кешкі мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
93) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "ИЧ-167/9 еңбекпен түзеу мекемесі жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
94) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Төлеби балалар көркемсурет мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
95) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Төлеби аудандық балалар саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
96) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ленгір қалалық балалар саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
97) Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Төлеби аудандық оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.