Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 19 шілдедегі № 267 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Түркістан қаласы әкімдігінің "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Оразбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н.Тұрашбеков

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 19 шілдедегі
№ 267 қаулысына қосымша

Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды.

      2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:

      1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;

      2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар.

      Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді.

      Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.

      3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және арнайы бейімделген кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.

2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

      4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

      5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

      6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.

      7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендіру әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

      1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;

      2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.

      8. Халықтан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын айқындау үшін абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 0,5%-ын қамтитын учаскелер таңдалады (оның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

      9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында "Түркістан қаласы әкімдігінің Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

      10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

      11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.

      12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.

      13. Бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.

      14. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректерді Бөлім Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.

      15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша қосылады және Бөлім Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосіне енгізеді.

      16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін Бөлім Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне деректерді (масса, көлем) енгізеді.

      17. Белгілі бір объект бойынша өлшеу болжанатын коммуналдық қалдықтарды жинау басқа объектілерден коммуналдық қалдықтардың араласуын болдырмауы тиіс.

      18. Коммуналдық қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.

      Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:

      1) күн сайын әкету кезінде – өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын;

      2) кесте бойынша әкету кезінде күн сайын – кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.

      19. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.

      20. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу

      21. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

      1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., м3):

      V конт = h*S

      мұндағы һ – контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;

      S – контейнер түбінің алаңы, м2;

      2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

      Vтәу = Vконт1+Vконт2+Vконт3

      мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

      3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mконт = m3- mп

      мұндағы m3 – қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;

      mп – қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

      4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mтәу = mконт1+mконт2+mконт3...

      мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

      5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Өлшеулерді жүргізу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз).

      Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс – желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем – наурыз, сәуір, мамыр; жаз – маусым, шілде, тамыз; күз – қыркүйек, қазан, қараша.

      Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Vмаус = Vтәу1+ Vтәу2+....+ Vтәу7

      мұндағы Vтәу1, Vтәу2 – белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

      6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mмаус = mтәу1+ mтәу2+.+ mтәу7

      мұндағы mтәу1 mтәу2 – белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

      7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтм, м3):

      Vтм = Vмаус/(nxa)

      массасы бойынша (mтм, кг):

      mтм = mмаус/(nxa)

      мұндағы n – маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;

      а – есептік бірліктің саны.

      8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтом, м3):

      Vтом = (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n

      массасы бойынша (mтом, кг):

      mтом= (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n

      мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" – қыста – "қ", көктемде – "к", жазда – "ж", күзде "кү" – есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;

      n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

      9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vж, м3):

      Vж = Vтожх nк

      массасы бойынша (mж, кг):

      mж = mтож x nк

      мұндағы nк – жылдағы күннің саны.

      22. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтауға қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

      1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      мұндағы m және V – есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

      2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша:

      Кбе = Vом/Vж

      массасы бойынша:

      Кбе = mом/mж

      3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша:

      Кмбе = Vmax.тәу./Voм

      мұндағы Vmax.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3

      массасы бойынша:

      kсн = mmaxтәу./moм

      мұндағы mmax.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.

      23. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.

  Түркістан қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормаларын есептеу қағидаларына
1-қосымша

Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері.

Р/с №

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1.

Жайлы және жайлы емес үй иеліктері

1 тұрғын

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

4.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

6.

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

7.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

11.

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

12.

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

13.

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

14.

Азық-түлік және өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

15.

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

16.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

17.

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

18.

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

19.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежай

жалпы алаңы 1 м2

20.

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

жалпы алаңы 1 м2

21.

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

22.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

23.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

24.

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

25.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

26.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

27.

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

28.

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

29.

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

30.

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

31.

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

 
  Түркістан қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормаларын есептеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты

      Қала, аудан ____________________________________________
1. Мекенжайы ____________________________________________________
2. Қабаттылығы ___________________________________________________
3. Үй иелігінің нөмірі _______________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ______________________________
5. Абаттандыру деңгейі: _____________________________________________
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ______________________________
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) _____________________
в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш, газ _______________
г) қоқыс құбырының болуы _________________________________________
д) аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________
жасыл екпелер бар _________________________________________________
жабыны қатты ____________________________________________________
оның ішінде тротуарлар ____________________________________________
6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі __________________________________
8. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме
(қандай және қанша) _______________________________________________
9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ____________________________
________________________________________________________________________________
10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі ____________________________
________________________________________________________________________________
11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме
(қандай және қанша фракция)
________________________________________________________________________________
Қолдары: Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

  Нысан

Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты.

      Қала, аудан ____________________________________________
1. Объектінің атауы ________________________________________________
2. Мекенжайы _____________________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет)
__________________________________________________________________
4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) ____________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _________________________________________
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _________________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) __________________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _________________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 _____________________________________
сауда алаңы ______________________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң ________________________________________
8. Аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________
жасыл екпелер бар _________________________________________________
жабын қатты ______________________________________________________
9. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі __________________________________
11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме
(қандай және қанша) _______________________________________________
12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ___________________________ _________________________________________________________________
13. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі _____________________________
_________________________________________________________________
14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция)
_________________________________________________________
Қолдары: Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

  Түркістан қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормаларын есептеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Бастапқы жазба бланкісі _________________ (күні)
___________________________________________объектісі бойынша (атауы, мекенжайы).

Контейнердің р/с №

Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, һ, м

Контейнер негізінің алаңы,
S, м2

V контейнер-дегі қалдықтар-дың көлемі, hS, м3

Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыштың), m3, кг

Бос контейнердің массасы (қоқыс тасығыштың), mп, кг

Контейнердегі қалдықтардың массасы, mконт, m3 - mп

1







2







3







Тәулігіне барлығы



Vтәу



мтәу

 
  Түркістан қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормаларын есептеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен
жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі 20__жылғы "___" "___________"
бастап "____" "_______________" дейінгі кезең Абаттандыру түрі
___________________________________

Аптаның күндері

Объектінің атауы

Объектінің қызмет түрі

Есептік бірліктің саны

Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы

Орташа тығыздығы, кг/м3

Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде)

жалпы

1 есептік бірлікке

кг

м3

кг

м3


кг

м3

Дүйсенбі











Сейсенбі











Сәрсенбі











Бейсенбі











Жұма











Сенбі











Жексенбі











Барлығы:











Тәулігіне орташа











      Қолдары Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы _________________________________

 
  Түркістан қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормаларын есептеу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Абаттандыру түрі _______________________________________________________________

Объект

Ай

Өлшенетін бірліктің саны

Қалдықтардың жиналуы

Әркелкілік коэффициенті

Бөлек жинау, кг

жалпы

1 өлшенетін бірлікке

жалпы

1 өлшенетін бірлікке

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13





















































      Барлығы ____________
Тәулігіне орташа _______________
Қолдары ______________
Т.А.Ә. (болған жағдайда),
лауазымы______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады