"Б" корпусы Бәйдібек ауданының мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 мамырдағы № 2/12 шешімі. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7/35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 11.10.2023 № 7/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 8 ақпандағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31890 болып тіркелген) сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Б" корпусы Бәйдібек аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау әдiстемесi бекiтілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бәйдібек аудандық мәслихат төрағасы А.Кенехан

  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2023 жылғы 15 мамырдағы №2/12
шешімімен бекітілген

"Б" корпусы Бәйдібек ауданының мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Б" корпусы Бәйдібек аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (бұдан әрі – Үлгілік әдестеме) сәйкес әзірленді және "Б" корпусы Бәйдібек ауданының мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жоғары тұрған басшы – бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы оған тікелей бағынысты болатын адам;

      2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;

      3) бағалаушы адам – мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігіне байланысты тікелей басшы және/немесе жоғары тұрған басшы, сондай-ақ 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобы;

      4) құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы –Е-2, Е-3 санаттарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;

      5) "Б" корпусының қызметшісі – құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысын қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметін атқаратын адам;

      6) бағаланатын адам – құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы немесе "Б" корпусының қызметшісі;

      7) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – құрылымдық бөлімшенің/ мемлекеттік органның басшысы үшін белгіленетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына қол жеткізуге немесе мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштер;

      8) саралау әдісі – "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың функционалдық міндеттерді орындау сапасы, міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау, бастамашылдық және дербестік, еңбек тәртібін сақтау, атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігі – бағалау параметрлеріне сәйкестік дәрежесін ескере отырып анықталатын бағалау әдісі;

      9) 360 әдісі – бағаланатын адамның жұмыс ортасынан адамдар тобын сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі;

      10) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін бағалаушы адамдардың кездесулері;

      11) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі.

      3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.

      Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.

      4. НМИ қол жеткізу және саралау әдісі бойынша бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей, 360 әдісі бойынша – есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      НМИ және саралау бойынша қорытынды баға "Б" корпусы қызметшісінің есепті тоқсандардағы орташа бағасынан құралады.

      5. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау жұмысқа шыққаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз осы Әдістеменің 4-тармағының белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      6. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз осы Әдістеменің 4-тармағының көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

      7. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады:

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" (қанағаттанарлықсыз баға).

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады" нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады" нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады" нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.

      8. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.

      9. 360 әдісі бойынша бағалау нәтижелері қызметшіні оқыту бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

      10. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметіне жауапты маман немесе ол болмаған жағдайда міндеттерін атқару жүктелген маман соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте персоналды басқару қызметіне жауапты маман ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам бекітетін бағалау кестесін құрастырады.

      11. Персоналды басқару қызметіне жауапты маман бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе және/немесе мемлекеттік органдардың интранет-порталы немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы таныстыруды қамтамасыз етеді.

      12. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.

      13. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

      14. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметіне жауапты маманда, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болған кезде ақпараттық жүйеде сақталады.

      15. Бағалау нәтижелері қатаң жасырын ақпарат болып табылады және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.

      16. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді барлық мүдделі адамдар мен тараптардың жәрдемдесуімен персоналды басқару қызметіне жауапты маман қарастырады.

      17. Бағалаушы адам мыналарға жауапты болады:

      1) мемлекеттік орган/құрылымдық бөлімше стратегиялық мақсаттары, мемлекеттік орган/құрылымдық бөлімше жұмысының есептік кезеңдегі жалпы нәтижесі жөнінде бағаланушы адамдардың назарына жеткізу;

      2) НМИ уақытылы қоюды, келісу мен бекітуді қамтамасыз ету;

      3) бағаланатын кезең ішінде НМИ орындау деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметінің қорытынды бағасы мен конструктивті кері байланысты ұсыну; бағаланатын адамдардың функционалдық міндеттерін орындау дәрежесіне бағаланатын кезеңде тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметкердің қызметінің қорытынды бағасы және конструктивті кері байланысты ұсыну;

      4) бағалау процесінде бағаланатын адамдарды бағалау бойынша даулы мәселелерді, олар туындаған жағдайда, калибрлік сессияларға және оларды шешуге қатысу.

      18. Бағаланатын адам мыналарға жауапты болады:

      1) олардың НМИ/қойылған міндеттерді орындау дәрежесіне жүйелі мониторинг жүргізу;

      2) 360 әдісі бойынша оның қызметін бағалау шеңберінде уақтылы өзін-өзі бағалауды жүргізу;

      3) қызметті бағалау нәтижелерін талқылау бойынша басшымен кездесулерге қатысу.

      19. Персоналды басқару қызметіне жауапты маман қамтамасыз етеді:

      1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;

      2) НМИ уақтылы талдау мен келісу;

      3) қажет болған жағдайда басшы мен қызметкердің кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;

      4) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;

      5) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.

      20. Бағалау нәтижелері бағаланатын адамға, бағалаушы адамға, персоналды басқару қызметіне жауапты маманына және калибрлеу сессияларының қатысушыларына ғана белгілі болуы мүмкін.

2-тарау. Құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысын НМИ қол жеткізуі бойынша бағалау тәртібі

      21. Құрылымдық бөлімше/мемлекеттік орган басшысының қызметін бағалау НМИ жетістіктерін бағалау әдісі негізінде жүзеге асырылады.

      22. НМИ-ді бағалаушы адам персоналды басқару қызметіне жауапты маманмен келісім бойынша Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағаланатын кезең басталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалатын құрылымдық бөлімше/мемлекеттік орган басшысының жеке жұмыс жоспарында белгіленеді.

      Қызметші бағалау кезеңі басталғаннан кейін тағайындалған жағдайда НМИ лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күн ішінде белгіленеді.

      Бұл ретте, НМИ белгіленген (бекітілген) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жауапты маман жеке жұмыс жоспарының ақпараттық жүйеде (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      Егер қызметшінің тағайындалған күнінен бастап бағалау кезеңінің соңына дейінгі мерзім үш айдан аз болса, аталған қызметшіге НМИ белгіленбейді.

      Құрылымдық бөлімше/мемлекеттік орган басшысының НМИ қол жеткізуін бағалауды бағалаушы адам осы Әдістеменің 4-тармағында белгіленген мерзімдерде жүргізеді.

      Бұл ретте, мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында персоналды басқару қызметіне жауапты маман стратегиялық жоспарлау мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшенің келісімімен (бар болған жағдайда) НМИ-дің нақты мәндеріне алдын ала есептеу жүргізеді және оны осы Әдістеменің 4-тармағына сәйкес бағалау мерзімінің соңғы күніне дейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) бағалаушы адамға жолдайды.

      23. НМИ үштен беске дейінгі мөлшерде белгіленеді және бағаланатын кезеңнің соңына дейін бағаланатын адам қызметінің күтілетін нақты нәтижелерін көрсетуі тиіс.

      24. НМИ мақсатқа қол жеткізу өлшемінің сандық және сапалық индикаторларынан тұруы тиіс және:

      1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

      2) өлшемді (НМИ жетістіктерін өлшеу үшін нақты өлшемшарттар белгіленеді);

      3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

      4) уақытпен шектеулі (бағаланатын кезең ішінде НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді) болуы;

      5) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, оның ішінде ұлттық жобаларды іске асыруға не мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағдарланған құжаттар.

      25. НМИ-ге өзгерістер енгізуге қол жеткізуге тікелей әсер ететін мемлекеттік органның функциялары мен құрылымы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      26. Ақпараттық жүйе немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметіне жауапты маман құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысын оған қатысты бағалауды өткізу туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      27. Ақпараттық жүйемен немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметіне жауапты маман ресімделген бағалау парағын бағалаушы адамға қарау үшін жолдайды.

      Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша бағалаушы адам Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында (0-ден 5-ке дейін) баға қояды.

      Бағаларды қою кезінде бағалаушы адам Үлгілік әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйінді нысаналы индикаторды іске асыру пайызына қарай жол берілетін бағаны айқындау кестесін пайдаланады.

3-тарау. "Б" корпусының қызметшілерін саралау әдісімен бағалау тәртібі

      28. "Б" корпусының қызметшілерін бағалау саралау әдісі бойынша жүзеге асырылады.

      29. "Б" корпусының қызметшілерін саралау әдісі бойынша бағалауды құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органда жұмыс істейтін ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.

      30. Ақпараттық жүйе немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметіне жауапты маман "Б" корпусының қызметшісін оған қатысты бағалау жүргізілетіні туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      31. Ақпараттық жүйе арқылы немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметіне жауапты маманмен бағалаушы адамға бағалау парағы жіберіледі.

      Бағалаушы адам Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында баға (0-ден 5-ке дейін) қояды.

      Егер құрылымдық бөлімшенің "Б" корпусы қызметшілерінің саны елу адамнан асқан жағдайда, бағалауды бағалаушы адам айқындайтын адамдар да жүзеге асыра алады.

      32. "Б" корпусының қызметшілерін бағалау олардың бағаланатын кезеңде функционалдық міндеттерін орындау кезінде қол жеткізген нәтижелерінің деңгейі мен орындалған жұмыстың көлемі мен күрделілігі ескере отырып, мынадай параметрлер бойынша айқындалады:

      функционалдық міндеттерді орындау сапасы;

      тапсырмаларды орындау мерзімдерін сақтау;

      дербестік және бастамашылық;

      еңбек тәртібі.

4-тарау. 360 әдісі бойынша бағалау тәртібі

      33. 360 әдісі бойынша бағалау жылына бір рет ақпараттық жүйеде жасырын жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.

      Құрылымдық бөлімшелердің (мемлекеттік органның) басшылары үшін 360 әдісі бойынша бағалау Үлгілік әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, "Б" корпусының қызметшілері үшін Үлгілік әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      34. 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамдардың санаттарына байланысты мынадай құзыреттер бағаланады:

      құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін:

      қызметті басқару;

      тиімді коммуникацияларды құру;

      әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану;

      өзгерістерді басқару;

      нәтижеге бағдарлану;

      дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары;

      топты басқару;

      көшбасшылық қасиеттер;

      ынтымақтастық;

      жеделділік;

      өзін-өзі дамыту;

      бастамшылдық;

      "Б" корпусының қызметшілері үшін:

      тиімді коммуникацияларды құру;

      әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану;

      өзгерістерді басқару;

      нәтижеге бағдарлану;

      дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары;

      ынтымақтастық;

      жеделділік;

      өзін-өзі дамыту.

      35. Сауалнамаға қатысатын адамдардың саны әрбір бағаланатын адам үшін ақпараттық жүйемен немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметіне жауапты маман дербес анықтайтын үш адамнан кем болмауы және жеті адамнан артық болмауы тиіс.

      Қызметшіні 360 әдісімен бағалауда оның өзін-өзі бағалауы көзделген. Бұл ретте қорытынды бағалауда өзін-өзі бағалау есепке алынбайды.

      Сауалнама алынатын адамдардың қатарына қосылады:

      1) тікелей басшы;

      2) бағалаушы адамға тікелей бағынатын "Б" корпусының қызметшісі;

      3) лауазымы бойынша бағаланушы адаммен бір деңгейде және олармен өзара тығыз жұмыс істейтін адамдар.

      36. Персоналды басқару қызметіне жауапты маман 360 әдісі бойынша бағалау процесін басқарады, жеке есептерді жасайды және Үлгілік Әдістеменің 7 және 8-қосымшаларына сәйкес нысандағы 360 бағалау нәтижелері бойынша кері байланыс ұсынуды ұйымдастырады.

      Персоналды басқару қызметіне жауапты маман біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары тақырыптарын қалыптастыру кезінде 360 әдісімен бағалау қорытындылары, оның ішінде қызметшінің ең аз анықталған құзыреттері ескеріледі.

5-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі

      37. Бағалау процесіне бірыңғай көзқарасты келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы Әдістеменің 12-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.

      38. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және және оның құрамын бекітеді.

      39. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 12-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.

      40. Персоналды басқару қызметіне жауапты маман калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.

      41. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді.

      Калибрлеу сессиясының қатысушылары бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін.

      Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін.

      Қорытынды баға калибрлеу сессиясы қатысушыларының басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметіне жауапты маман хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      42. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады.

      Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады:

      бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу;

      машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу;

      қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау.

      Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.

  "Бәйдібек ауданының мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
  "БЕКІТЕМІН"
Мәслихат төрағасы
________________
(тегі, бас әріптер)
күні _____________
қолы ____________

Құрылымдық бөлімше (мемлекеттік орган) бас

      __жыл (жеке жоспар құрылатын кезең)

      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): __________

      Қызметшінің лауазымы: ____________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________

№ р /р

НМИ атауы

"А" корпусы қызме-тішісі келісі-мінің қай көрсет-кішінен немесе мемле-кет- тік жос-парлау жүйе-сінің құжа-тынан түйін-деледі

Өл- шем бір- лігі

Жоспарлы мәні

Қол жеткізу мерзімі

Түй- інді нәти- же*

1- тоқ- сан

2- тоқ- сан

3- тоқ- сан

4- тоқ- сан

1- тоқ- сан

2- тоқ- сан

3- тоқ- сан

4- тоқ- сан















      Ескертпе: нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер.

  "Бәйдібек ауданының мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша

НМИ бойынша бағалау парағы

      (бағаланатын адамның Т.А.Ә., лауазымы)
______________________________________
__________________________
(бағаланатын кезең)

№ р /р

НМИ ата- уы

Өлшем бірлігі

Жоспарлы мәні

Нақты мәні

1-тоқ- сан

2-тоқ- сан

3-тоқ- сан

4-тоқ- сан

1-тоқ- сан

2-тоқ- сан

3-тоқ- сан

4-тоқ- сан












      Кестенің жалғасы

НМИ пайыздық іске асуы

Бағалау

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан









      Қорытынды бағалау _________
НМИ санына бөлінген НМИ бойынша бағалау сомасы
Бағалау нәтижесі: ______(функционалдық міндеттерін тиімді атқарады,
функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық
міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін
қанағаттанарлықсыз түрде атқарады (қанағаттанарлықсыз баға).
Қызметшінің бағалау нәтижесі қорытынды бағаның
___________________________________
негізінде қойылады

      Бағаланатын адам
(тегі, бас әріптер)
күні ____________________
қолы ___________________ ___________________________
Бағалайтын адам
(тегі, бас әріптер)
күні _____________________
қолы ____________________

  "Бәйдібек ауданының мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша

Нысаналы мақсатты индикаторды іске асыруға байланысты рұқсат етілетін бағаны анықтау

Нысаналы мақсатты индикаторды пайызбен және саралау параметрлерін іске асыру

Рұқсат етілген бағалау ауқымы*

100 және одан жоғары

5

95-99,99

4,75-4,99

90-94,99

4,5-4,74

85-89,99

4,25-4,49

80-84,99

4-4,24

75-79,99

3,75-3,99

70-74,99

3,5-3,74

65-69,99

3,25-3,49

60-64,99

3-3,24

55-59,99

2,75-2,99

50-54,99

2,5-2,74

45-49,99

2,25-2,49

40-44,49

2-2,24

35-39,99

1,75-1,99

30-34,99

1,5-1,74

25-29,99

1,25-1,49

20-24,99

1-1,24

15-19,99

0,75-0,99

10-14,99

0,5-0,74

5-9,99

0,25-0,49

0-4,99

0-0,24

      Ескертпе: Бағалау нысаналы мақсатты индикаторды іске асыру пайызына байланысты айқындалады. Бұл ретте рұқсат етілген ауқымда бағалаушы адам өз қалауы бойынша баға қояды.

  "Бәйдібек ауданының мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша

Саралау әдісі бойынша бағалау

      Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә. _______________
Бағалайтын қызметшінің (құрылымдық бөлімше/мемлекеттік орган басшысының)
Т.А.Ә. __________________

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша саралау әдісімен бағалауды ұсынамыз.

      Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.

      Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет.

      Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.

Параметрлер

Критерийлер

Баға- лау (1- ден 5 баллға дейін)

Негіз- деме

1.Функцио- налдық мін- деттерді орындау сапа- сы*

Негізделген ескертулер мен шағымдардың болмауы



2. Міндеттер- ді орындау мерзімдерін сақтау

Құжаттарды, тапсырмаларды орындау мерзімдерінің бұзылмауы



3. Дербестік және бастама- шылық.

Қызметшінің функционалдық міндеттерін жоғары деңгейде дербес орындай алуы. Мемлекет- тік орган қызметінің саласын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен пысықталған тәсілдер- де бастамашылдық таныту. Мемлекеттік орган міндеттерін орындаудағы белсенділігі мен қа- тысуы.



4. Еңбек тәр- тібін сақтау

Дәлелді себептерсіз жұмыстан кешікпеу, уақытынан бұрын жұмыстан кетпеу, тәртіптік жаза- сының болмауы, қызметтік әдептің бұзылмауы.



Орташа қорытынды баға



      Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек.

      Бағалау нәтижесі: ______(функционалдық міндеттерін тиімді атқарады,функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады (қанағаттанарлықсыз баға)

      Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.

      Қойылған бағаға негіздеме ______

  "Бәйдібек ауданының мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне
5-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер басшыларының бағалау парағы

      Құрылымдық бөлімше басшысының Т. А.Ә ________

      Құрметті респондент!

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі –
бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз.

      Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі. Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі.

      Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді).

      Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Жасырындылыққа кепілдік беріледі. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз.

№ р /р

Құзыреттердің атауы

Құзыреттер бойынша сұрақтар

Жа- у- ап- тар

1

Қызметті басқару

Стратегиялық мақсаттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді


Бөлімшенің қойылған міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды


Басымдық бере отырып, бөлімшенің жұмысын тиімді ұйымдастырады


Қызметті басқару бойынша орташа баға


2

Тиімді коммуникация- ларды құру

Өз қызметін әріптестерімен үйлестіре алады, коммуникацияларға ашық, іскерлік ынтымақта- стыққа дайындық танытады, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі


Жанжалдарды ортақ іс үшін пайдамен шеше алады, бұл ретте өз көзқарасын дәлелді жеткі- зеді және әріптестерінің пікірін ескереді


Мүдделі тараптармен топтың/команданың / тиімді жұмысын құрады


Тиімді коммуникацияларды құру бойынша орташа баға


3

Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану

Әдеп кодексіне сәйкес барлық жағдайларда әдеп мінез-құлық ережелерін қатаң сақтайды

Парасаттылық, шынайылық, тілектестік, әріптестері мен мүдделі тараптарға сыйластық қағидаттарын ұстанады

Күйзелістік жағдайда өзін ұстай алады, шешім іздейді және табады

Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану бойынша орташа баға

4

Өзгерістерді басқару

Ұйымдағы өзгерістерге оң көзқараспен қарайды

Өзгерген жағдайға сәйкес өз әрекеттерінің тактикасын бейімдейді, сәтсіздіктің себептерін талдайды және тәсілдерді немесе стратегияны өзгертеді



Қызметкерлердің бастамаларын қолдайды және көтермелейді


Өзгерістерді басқару бойынша орташа баға


5

Нәтижеге бейімделу

Күрделі мақсаттар қойып, оларға қол жеткізеді


Тапсырмаларды орындау үшін қосымша күш салады


Нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілікті өзіне алады


Нәтижеге бағдар бойынша орташа баға


6

Дербестік және ше- шім қабылдау дағды- лары

Мүмкіндіктерді, тәуекелдерді талдай алады, сондай-ақ ресурстарды есептей және жоспар- лай алады


Белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете алады


Ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше нұсқасын ұсынады


Дербестік және шешім қабылдау дағдылары бойынша орташа баға


7

Команданы басқару

Ешқашан адамдарға тәуелді емес, әрқашан жеке ұнату немесе ұнатпаудан аулақ бола алады


Өзара әрекеттесу және ынталандыру кезінде бағыныштының даралығын анықтай және еске- ре алады


Команданы шабыттандыра және ынталандыра алады


Команданы басқару бойынша орташа баға


8

Көшбасшылық қаси- еттер

Ынта мен талантты, өз-өзіне деген сенімді көрсетеді


Харизматикалық тұлға, бағыныштыларды ынталандыру үшін өзінің тұлғалық күшін пайда- ланады


Қызметкерлерді ынталандыруға дайын, көтермелеу мен сөгіс арақатынасын сауатты таңдай- ды


Көшбасшылық қасиеттер бойынша орташа баға


9

Ынтымақтастық

Құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара тиімді іс-қимыл жасауға бағдарлайды


Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады


Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жоспарларды іске асырады және ортақ нәтижелерге қол жеткізеді


Ынтымақтастық бойынша орташа бағалау


10

Жеделділік

Ұжымға жаңа басымдықтарды уақтылы жеткізеді


Өзгерістерге уақтылы әрекет ету үшін тиімді шараларды әзірлейді


Бөлімшені тиімді басқарып, ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізеді


Жеделділік бойынша орташа баға


11

Өзін өзі дамыту

Перспективті қызметкерлерді анықтайды және оларды жылжыту бойынша ұсыныстар енгі- зеді


Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдайды


Өз мысалында өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді


Өзін-өзі дамыту бойынша орташа баға


12

Бастамашылық

Қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдерді енгі- зу жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді


Қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдерді енгі- зу бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді


Мемлекеттік органның қызметін жетілдіру үшін жобаларға бастамашылық етеді


Бастамашылық бойынша орташа бағалау


      Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі: құзырет көрінбейді;
құзырет сирек көрінеді;
құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді;
құзырет әрқашан көрінеді.
Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.

  "Бәйдібек ауданының мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне 6-қосымша

"Б" корпусы қызметшілерін 360 әдісімен бағалау

      Бағаланатын қызметкердің
Т.А.Ә ____________________

      Құрметті респондент!

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз.

      Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі.

      Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі.

      Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді). Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Жасырындылыққа кепілдік беріледі.

      Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз.

№р

Құзыреттердің атауы

Құзыреттер бойынша сұрақтар

Жа- у- ап- тар

1

Тиімді коммуникаци- ялар құру

Өз қызметін әріптестерімен үйлестіре алады, коммуникацияларға ашық, іскерлік ынтымақ- тастыққа дайындық танытады, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі


Жанжалдарды ортақ іс үшін пайдамен шеше алады, бұл ретте өз көзқарасын дәлелді жеткі- зеді және әріптестерінің пікірін ескереді


Мүдделі тараптармен топтың/команданың / тиімді жұмысын құрады


Тиімді коммуникацияларды құру бойынша орташа баға


2

Әдеп нормаларын жә- не қағидаларын ұста- ну

Әдеп кодексіне сәйкес барлық жағдайларда әдеп мінез-құлық ережелерін қатаң сақтайды


Парасаттылық, шынайылық, тілектестік, әріптестер мен мүдделі тараптарға сыйластық қағидаттарын ұстанады


Күйзелістік жағдайда өзін ұстай алады, шешім іздейді және табады


Әдеп нормаларын және қағидаларын ұстану бойынша орташа баға


3

Өзгерістерді басқару

Ұйымдағы өзгерістерге оң көзқараспен қарайды


Өзгерген жағдайға сәйкес өз әрекеттерінің тактикасын бейімдейді, сәтсіздіктің себептерін талдайды және тәсілдерді немесе стратегияны өзгертеді


Өзгерген жағдайға сәйкес өз әрекеттерінің тактикасын бейімдейді, сәтсіздіктің себептерін талдайды және тәсілдерді немесе стратегияны өзгертеді

Қызметкерлердің бастамаларын қолдайды және көтермелейді

Өзгерістерді басқару бойынша орташа баға

Күрделі мақсаттар қойып, оларға қол жеткізеді

Тапсырмаларды орындау үшін қосымша күш салады

Нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілікті өзіне алады

Нәтижеге бейімделу бойынша орташа баға

Мүмкіндіктерді, тәуекелдерді талдай алады, сондай-ақ ресурстарды есептей және жоспар- лай алады


Дербестік және ше- шім қабылдау дағды- лары

Белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете алады


Ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше нұсқасын ұсынады


Дербестік және шешім қабылдау дағдылары бойынша орташа баға


6

Ынтымақтастық

Құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға бағдарлайды


Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады


Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарларды іске асырады және ортақ нәтижелерге қол жет- кізеді


Ынтымақтастық бойынша орташа баға


7

Жеделділік

Жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді


Жаңа тәсілдері және оларды енгізу әдістерін зерделейді


Өзгеретін жағдайларға тез бейімделеді


Жеделділік бойынша орташа баға


8

Өзін өзі дамыту

Жаңа білім мен технологияларға қызығушылық танытады


Өзін-өзі дамытуға ұмтылады, жаңа ақпарат пен оны қолдану тәсілдерін іздейді


Тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа дағдыларды іс жүзінде қолданады


Өзін өзі дамыту бойынша орташа баға


      Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі: құзырет көрінбейді;
құзырет сирек көрінеді;
құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді;
құзырет әрқашан көрінеді.
Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.

  Бәйдібек ауданының мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесіне 7-қосымша

Қызметшіні 360 әдісімен бағалау нәтижесі (құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін)

      Құрылымдық бөлімше басшысының Т. А.Ә. ________

Құзырет

Құзыреттер бойынша орташа қорытынды баға

Паутинка

1

Қызметті басқару


2

Тиімді коммуникацияларды құру


3

Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану


4

Өзгерістерді басқару


5

Нәтижеге бағдарлану


6

Дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары


7

Топты басқару


8

Көшбасшылық қасиеттер


9

Ынтымақтастық


10

Жеделділік


11

Өзін-өзі дамыту


12

Бастамашылдық


      Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу автоматты режимде әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау нәтижесі: ___________________

  Бәйдібек ауданының мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне 8- қосымша

Қызметшіні 360 градус әдісімен бағалау нәтижелері ("Б" корпусының қызметшілері үшін)

      Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә.________________

Құзырет

Құзыреттер бойынша орташа қорытынды баға

Паутинка

1

Тиімді коммуникациялар құру


2

Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану


3

Өзгерістерді басқару


4

Нәтижеге бағдарлану


5

Дербестік және шешім қабылдау дағдылары


6

Ынтымақтастық


7

Жеделділік


8

Өзін-өзі дамыту


      Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу автоматты режимде әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы жүзеге асырылады.

      Бағалау нәтижесі: ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады