Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 18.10.2023 № 6/42-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасының | |
міндетін уақытша атқарушы | М. Нұран |