Созақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 163 "Созақ ауданының ауылдық округтері мен кенттерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 тамыздағы № 43 шешiмi

      Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Созақ аудандық мәслихатының "Созақ ауданының ауылдық округтері мен кенттерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 163 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4577 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";

      оныншы абзац алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ аудандық мәслихатының төрағасы О. Жәмиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады