Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 146 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 3 мамырдағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Жеткіншек елді мекенінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) № 1 атауы жоқ көшеге - Махамбет Өтемісұлы көшесі;

      2) № 2 атауы жоқ көшеге - Шәкен Айманов көшесі;

      3) № 3 атауы жоқ көшеге - Кенесары хан көшесі;

      4) № 4 атауы жоқ көшеге - Әл-Фараби көшесі.

      2. Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Абай елді мекенінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) № 1 атауы жоқ көшеге - Қасым Қайсенов көшесі;

      2) № 2 атауы жоқ көшеге - Есет Батыр көшесі;

      3) № 3 атауы жоқ көшеге - Шәкәрім көшесі.

      3. Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Балдысу елді мекенінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) № 1 атауы жоқ көшеге - Тұрар Рысқұлов көшесі;

      2) № 2 атауы жоқ көшеге - Сәкен Сейфуллин көшесі;

      3) № 3 атауы жоқ көшеге - Бейімбет Майлин көшесі;

      4) № 4 атауы жоқ көшеге - Шерхан Мұртаза көшесі.

      4. Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Қарабұлақ елді мекенінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) № 1 атауы жоқ көшеге - Мұстафа Өзтүрік көшесі;

      2) № 2 атауы жоқ көшеге - Алпамыс Батыр көшесі.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шолаққорған ауылдық округінің әкімі А.Елибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады