Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148-ІІ Заңының 31 бабы, 1-тармағының 8) тармақшасына, 37 бабының 3, 8 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" № 561 Заңының 17, 27, 28, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру және жүргізу Ережесін бекіту туралы" № 620 қаулысы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" 65 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 120 Жарлығына және Түркістан облысы әкімдігінің 17 ақпандағы 2023 жылғы № 47 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанында Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне басқа әскерлерге және әскери құрамаларға 18 жастан 27 жасқа дейінгі, әскерге шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Аудандық шақыру комиссиясының жұмыстарын азаматтарды мерзімді әскери қызмет қатарына шақыруды, жұмысына басшылық жасау және бақылау үшін заңнама талаптарына сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Аудандық шақыру комиссиясының тағайындалған құрамының мүшелері ауруға, басқа да дәлелді себептермен болып қалуына байланысты 2- қосымшасына сәйкес, қосалқы (резервтік) құрамы топтағы комиссия мүшелері бекітілсін.
3. Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы "Ленгір қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы (Нышанов Жандар Арипбаевич), Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы "Төлеби аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы (Умарова Карлыгаш Раушановна) (келісімдері бойынша):
1) Төле би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мерзімді қызметке шақыру және өткізуді бастаудан бұрын стационарлық емделуде және диспансерлік есепте тұрған шақырылғандар туралы хабардар ету;
2) Медициналық комиссияны қажетті дәрігерлермен, медбикелермен қамтамасыз ету;
3) Азаматтардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау үшін ауданның медициналық комиссиясы тұрақты негізде медициналық куәландыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
5."Төлеби аудандық полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Руслан Бақытжанұлы Ендибаев - келісім бойынша):
1) Төле би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі апта сайын алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізіліп жатқан шақырылушылар туралы мәлімет беру;
2) 2023 жылдың 1 наурыздан 30 маусым және 1 қыркүйектен 31 желтоқсан аралығында әскери борышын өткеруден бас тартқан әскерге шақырылушыларды іздеу үшін полиция қызметкерлері бөлінсін;
3) Шақырылушыларды облыстық шақыру пунктіне жөнелту кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етілсін.
6. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы (Әсілбек Әуесбек Жақсыбекұлы) ҚР ҚК-не, басқа да әскерлерге және әскери кұрамаларға шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу іс-шаралары ұйымдастырылсын.
7. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы (Абдиев Жұмабай Ғаппарұлы):
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру кезеңі басталуы және өткізілу барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттар беру ұйымдастырылсын.
2) Қала, ауылдық округтерде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы көрнекті үгіт-насихат материалдарын орналастыру қамтамасыз етілсін.
8. Аудан әкімінің орынбасары - шақыру комиссиясының төрағасы (С.Дүйсебаев) шақыруды өткізуді бастау алдында мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларымен, қала, ауылдық округтердің әкімдерімен қызметтік кеңес өткізсін, оларды шақыруды өткізуге дайындығы тыңдалсын және кезекті шақыруды өткізуге тапсырма берілсін.
9. Қала, ауылдық округтердің әкімдері осы Қаулыға сәйкес іс-шараларды орындау қамтамасыз етсін.
10. Төлеби ауданы әкімінің 2022 жылдың 03 қазандағы "Аудан әкімдігінің 2022 жылдың 26 сәуірдегі "2022 жылдың науырыз-маусым және қырқүйек-желтоқсанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу комиссиясын құру туралы" №185 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" №474 қаулысының күші жойылсын.
11. Осы қаулының орындалуын қадағалау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа жүктелсін.
12. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Телғараев |
Төлеби ауданы әкімдігінің 2023 жылғы " 17" ақпандағы № 104 қаулысына № 1 қосымша |
Аудандық шақыру комиссиясының негізгі құрамы
Сержан Дауылбайұлы Дүйсебаев | - | Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
Оралбаева Асия Сабденбековна | - | Медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері: | ||
Марат Ақтаевич Агибаев | - | Төле би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары м.у.а. (келісімі бойынша) |
Ғалымжан Рахымжанұлы Тұрашбеков | - | Төлеби ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары (келісімі бойынша) |
Меңзада Сәлімгерейқызы Ибраева | - | Аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша) |
Төлеби ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "17" ақпандағы № 104 қаулысына № 2 қосымша |
Аудандық шақыру комиссиясының қосалқы (резервтік) құрамы
Камиля Заманкызы Хайтметова | - | Аудан әкімінің аппаратының бас инспекторы комиссия төрағасы |
Салтанат Крыкбаевна Алимбаева | - | Медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
Амиракулова Кульмира Сейдазовна | - | Төле би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары м.у.а. (келісімі бойынша) |
Тенизбаев Бексейіт | - | Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы (келісімі бойынша) |
Руслан Арыстанбеков | - | Аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Төлеби ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "17" ақпандағы № 104 қаулысына № 3 қосымша |
Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі
Аудандық шақыру комиссиясының жұмысы 2023 жылдың наурыз маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында төмендегі күн тәртібімен жүргізілсін:
а) комиссия жұмысының басталуы – сағат 14.00
б) комиссия жұмысының аяқталуы – сағат 18.00
в)демалыс күндері-сенбі, жексенбі, мереке күндері