Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а 2021 жылғы 9 тамыздағы № 318 "Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалдықтарды басқару бағдарламасы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Төлеби ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Л.Серікбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Телғараев |
Төлеби ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "21" шілдедегі № 478 қаулысына қосымша |
Қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) қалдықтарды басқару бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) әзірлеуге бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 365-бабы 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда Кодексте айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жоспарлы кезең-бағдарлама 10 жылдан аспайтын кезең;
2) қалдықтардың басым түрлері – Жоспарлы кезең шеңберінде қоршаған ортаға антропогендік жүктемені азайту тұрғысынан неғұрлым тиімді болатын қалдықтардың түзілуін болғызбайтын және қалпына келтіру үлесін ұлғайтатын қалдықтардың түрлері.
2-тарау. Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу тәртібі
3. I және (немесе) II санаттағы объектілердің операторлары, сондай-ақ қалдықтарды сұрыптау, өңдеу, оның ішінде залалсыздандыру, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар Кодекстің 365-бабының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес бағдарлама әзірлейді.
4. I санаттағы объектілер үшін бағдарламаны әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар тұлға жүзеге асырады.
5. I санаттағы объектілерге арналған бағдарлама кодекстің 113-бабына сәйкес әзірленетін және бекітілетін ең үздік қолжетімді техникалар бойынша қорытындыларға сәйкес ең үздік қолжетімді техникаларды пайдалану қажеттілігін ескере отырып әзірленеді.
6. Бағдарлама иерархия қағидатына сәйкес әзірленеді және үшінші тұлғалардан түзілетін және (немесе) алынатын қалдықтардың көлемі мен құрамы, оларды Жинақтау, жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, қалпына келтіру және жою тәсілдері туралы мәліметтерді, сондай-ақ қалдықтардың түзілуін қысқарту, оларды қайта пайдалану, қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін ұлғайту жөніндегі ұсынылатын шаралардың сипаттамасын қамтуға тиіс.
7. Бағдарлама экологиялық рұқсаттың қолданылу мерзіміне байланысты жоспарлы кезеңге, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді.
8. I және II санаттағы объектілердің операторлары, сондай-ақ қалдықтарды сұрыптау, өңдеу, оның ішінде залалсыздандыру, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар әзірлеген бағдарламалар осы Қағидалар күшіне енгенге дейін Кодекстің 106-бабына сәйкес жаңа экологиялық рұқсат алған кезге дейін қайта қаралады.
9. Бағдарламаны әзірлеу кезінде I және II санаттағы объектілердің операторлары, сондай-ақ қалдықтарды сұрыптау, өңдеу, оның ішінде залалсыздандыру, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар бағдарламаға мынадай бөлімдерді қосады:
1) "Кіріспе" - бағдарлама қажеттілігінің негіздемесін, оның қолданылу мерзімдерін және кіріспе ақпаратты қамтиды;
2) "Қалдықтарды басқарудың ағымдағы жай-күйін талдау" - қамтиды:
- объектіде түзілетін және (немесе) үшінші тұлғалардан алынатын қалдықтардың барлық түрлерін, сондай-ақ жинақталған қалдықтар мен көмуге ұшыраған қалдықтарды сипаттай (сипаттай) отырып, қалдықтардың көлемі мен құрамы, түзілу жылдамдығы (т/жыл), сыныптамасы, оларды Жинақтау, жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, қалпына келтіру және жою тәсілдері туралы мәліметтерді қоса отырып, қалдықтарды басқарудың ағымдағы жай-күйін бағалауды қамтиды;
- соңғы үш жылдағы серпіндегі қалдықтармен ағымдағы ахуалдың сандық және сапалық көрсеткіштері;
- соңғы үш жылдағы қалдықтарды басқаруды талдау, қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді алдын ала талдау негізінде негізгі проблемалар, үрдістер мен алғышарттар;
- қалдықтардың пайда болуын қысқарту, оларды қалпына келтіру үлесін ұлғайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін қалдықтардың басым түрлерін айқындау қалдықтардың қауіптілік түрі мен санын, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі мамандандырылған қуаттардың экономикалық аспектілері мен қолжетімділігін талдау негізінде жүзеге асырылады.
3) "Мақсат, міндеттер және нысаналы көрсеткіштер" - қамтиды:
- түзілетін және жинақталған қалдықтардың, сондай-ақ жоюға жататын қалдықтардың көлемін және (немесе) қауіпті қасиеттерінің деңгейін біртіндеп қысқартуға, қалдықтарды қалпына келтіру мен полигондарды рекультивациялау үлесін ұлғайтуға бағытталған белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейтін бағдарламаның мақсаты;
- қойылған мақсатқа неғұрлым тиімді және экономикалық негізделген әдістермен қол жеткізу жолдарын айқындайтын бағдарламаның міндеттері;
- сандық (сандық нысанда көрсетілген) немесе сапалық мәндер (қауіпті қасиеттердің өзгеруі; қалдық түрінің өзгеруі; агрегаттық жай-күй және т.б.) түрінде ұсынылған бағдарламаның нысаналы көрсеткіштері. Нысаналы көрсеткіштерді әзірлеуші өндірістік факторларды, өңірлік ерекшеліктерді, экологиялық тиімділікті, техникалық және экономикалық орындылықты ескере отырып дербес есептейді.
Бұл бөлімде қалдықтарды басқарудың ағымдағы жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштердің базалық мәндері көрсетіледі. Базалық көрсеткіштер соңғы үш жылдағы орташа мән ретінде айқындалады. Объектідегі бағдарламада жаңа объектілер үшін базалық көрсеткіштер жобалау құжаттамасына сәйкес айқындалады.
4) "Негізгі бағыттар, қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар" мақсатқа қол жеткізу және тұрған міндеттерді шешу жолдарын, сондай-ақ белгіленген нысаналы көрсеткіштерге толық көлемде және мерзімдерде қол жеткізуді қамтамасыз ететін шаралар жүйесін қамтиды. Қол жеткізу жолдары мен шаралар жүйесі қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық, технологиялық, сондай-ақ экономикалық шараларды қамтуы мүмкін.
Бағдарламаның осы бөлімінде кәсіпорындарда I және II санаттағы объектілердің операторлары Кодекстің 41-бабының 5-тармағына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесіне сәйкес қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін негіздейді.
5) "Қажетті ресурстар" Бағдарламаны іске асыруға арналған ресурстарға (қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттілікті және оларды қаржыландыру көздерін қамтиды;
6) "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады және іс-шаралар (күтілетін іс-шаралар) бойынша нәтижелер көрсеткіштерін көрсете отырып, мерзімдерді, орындаушыларды, аяқтау нысанын, бағдарламаны іске асыруға қажетті шығындарды және қаржыландыру көздерін айқындай отырып, Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне толық қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар/іс-шаралар жиынтығын қамтиды.
Бұл бөлім ұйымдастырушылық, экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да іс-шараларды қамтиды, оларды іске асыру нәтижесі түзілетін қалдықтар көлемінің өсуін қысқартуға, жинақталған қалдықтарды біртіндеп қысқартуға және қалдықтардың қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына теріс әсерін азайтуға әкеледі. Әзірлеуші жоспарланған іс-шаралардың қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуінің негіздемесін келтіреді.
10. Бағдарламаны меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында бағдарлама объектісі бар заңды тұлғаның бірінші басшысы бекітеді.