Көшені қайта атау және атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 37 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 3 тамыздағы Түркістан облысы ономастика комиссиясының оң қорытындысы негізінде Рысқұлов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Азаттық ауылындағы Интерноционал көшесі "Тұран" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Азаттық ауылындағы атауы жоқ көшеге - "Нұрлы жол" атауы берілсін.

      3. Азаттық ауылындағы атауы жоқ көшеге - "Ақмешіт" атауы берілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Н.Нышанбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады