Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 37 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Жаушықұм ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы-Жобаларды басқару дирекциясына Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округі, Жаушықұм ауылы, Жаушықұм көшесі бойынан талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысы үшін жалпы көлемі 0,0300 га жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Мухашевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Н.Нұрсейтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады