Шығыс Қазақстан облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 298 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағы 19) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады