"Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 85 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.

      2. "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) алып тасталды-Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 07.04.2023 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді-Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 07.04.2023 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 шілдесіндегі № 3005 "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 10 қаңтардағы
№ 85 қаулысымен бекітілген

"Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) дене шынықтыру, спорт және туризм салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10а, пошталық индексі 070004.

      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) қала аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;

      2) бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан қала құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының тестiлерiн өткізуді орындау жұмысына басшылық ету және бақылау;

      4) спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша қызметін үйлестіру;

      5) туризм саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды іске асыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;

      құзырет шегінде мәселелерді қарау кезінде мемлекет мүдделерін барлық мекемелерде ұсыну;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап-арызбен жүгіну;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасу;

      дене шынықтырудың, спорттың және туризмнің дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;

      дене шынықтыруды, спортты және туризмді дамытуға арналған бағдарламаларды, жоспарларды жүзеге асыру;

      қаланың жергілікті атқарушы органына туризмнің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      мекеме әзірлеуші болған әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жасау және оларға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды уақытылы енгізу, немесе оларды күші жойылғанын тану;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) Өскемен қаласының аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      2) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылымды құру бойынша шараларды қабылдау;

      3) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4) аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша қалалық спорттық жарыстарды өткiзу;

      5) спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      6) қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;

      7) қала аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

      8) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру, спортшыларды спорттық разрядтардан айыру;

      9) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру, біліктілік санаттарынан айыру;

      10) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асыру;

      11) қала аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;

      12) қала аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну;

      13) аймақтық және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастыру және бекiту;

      14) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

      15) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

      16) қала аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді және олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      17) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      18) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргiзу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабiлеттiлiк пен белсендi ұзақ өмiр сүрудiң жоғары деңгейiне, сондай-ақ iзгiлiк мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткiзу үшiн дене шынықтыру компоненттерiн практикалық пайдалануда халықтың бiлiм деңгейiн арттыру;

      19) мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамытуды, мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшін спорт ғимараттарына қол жеткізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету, арнайы спорт мүкәммалын ұсыну;

      20) спорт клубтарының, мектептердің, секциялардың ашылуын, сондай-ақ мүгедек адамдарды даярлауды және олардың республикалық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз ету;

      21) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының облыстық, қалалық және аудандық спорт жарыстарының ережелерін (регламенттерін) әзірлеу және бекіту;

      22) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      23) қала аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және үйлестіруді жүзеге асыру;

      24) жоғары тұрған ұйымдарға ұсыну үшін қала аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асыру;

      25) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік потенциалды, туризм нысандары және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;

      26) туристтік ресурстарды қорғау, қала аумағында туристтік индустрия нысандарының құрылысы және жоспарлау бойынша ұсыныстар енгізу;

      27) туристтік бірлестіктер қызметіне жәрдемдесу;

      28) қалада туристтік маршруттар және жолдардың реестрін жүргізу;

      29) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Бөлім басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      бөлімнің құрылымын өздігінен анықтайды;

      мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      барлық ұйымдарда Бөлімінің мүдделерін ұсынады;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;

      өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      18. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлім мүлік оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Бөлім бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      19. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады