"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 265 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солдатово ауылдық округінің Солдатово ауылының аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солдатово ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 1 "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солдатово ауылдық округінің Солдатово ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солдатово ауылдық округінің әкімі | Б. Кадырмышев |