ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәрітібін 7-тармақтан қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" (Jauynger.gov.kz) ақпараттық жүйесі арқылы азаматтарды қатардағы жауынгер және сержант құрамы лауазымына келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу және қабылдау алгоритмі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтап, пилоттық жобаны әдіснамалық және техникалық қолдауды, ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
2) пилоттық жоба кезеңінде бағыт бойынша лауазымды адамдар үшін өтінімді қабылдаудың, өңдеудің және ол бойынша шешім қабылдаудың ішкі регламентін бекітсін;
3) әскери басқару органы мен әскери бөлімге кандидатты қабылдауды және оны жеке құрамның тізіміне қосуды ұйымдастыру бойынша тиісті нұсқау жіберсін;
4) өтінімді қабылдауды, өңдеуді және қорытындылауды осы бірлескен бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес регламент бойынша жүзеге асырсын;
5) дербес дерекке қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы дербес дерек субъектісінен немесе оның заңды өкілінен келісім алуды қамтамасыз етсін;
6) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен дербес дерекке қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисіне қол жеткізу туралы келісім жасасын;
7) пилоттық жоба жұмысы алгоритмінің "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуін тексеру іс-шарасын жүргізсін;
8) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтап, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі мен сервисінен қажетті мәлімет алу үшін интеграциялау іс-шарасын жүргізу бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырсын;
9) пилоттық жобаның қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
3. "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" (Jauynger.gov.kz) ақпараттық жүйесінің меншік иесі:
1) Jauynger.gov.kz ақпараттандыру объектісін "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-да сынамақтан өткізуді;
2) 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ақпарат қауіпсіздігі талабына сәйкес келуіне сынау нәтижесі бойынша акт алуды;
3) жекеменшік жедел ақпарат қауіпсіздігі орталығын құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан жедел ақпарат қауіпсіздігі орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды, сондай-ақ оның Ақпараттық қаупсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен іс-қимыл жасауын;
4) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 54-бабының 3-2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 16777 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес пилоттық жобаны іске асыру басталғаннан бастап 6 ай бойы ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгенге дейін ақпарат қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келуіне сынау нәтижесі оң болғаны туралы хаттама болған кезде 2024 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей интеграциялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
6. Осы бірлескен бұйрық мүдделі мемлекеттік органдарға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізілсін.
7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
________Р. Жақсылықов |
Қазақстан Республикасының | |
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
_____________Ж. Мәдиев |
"Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" (Jauynger.gov.kz) арқылы азаматтарды қатардағы жауынгер және сержант құрамы лауазымына келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу және қабылдау алгоритмі
Жұмысты бастау үшін келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген азамат (бұдан әрі – кандидат) интернет-браузер арқылы "Jauynger.gov.kz" сайтына кіруі қажет.
Осы кезеңде тіркелу арқылы кандидаттың жеке кабинеті ашылады.
Цифрлық мәліметтерді пайдаланумен қатар, мемлекеттік дерекқормен (бұдан әрі – МДҚ) интеграция болмаған жағдайда құжаттардың PDF форматындағы көшірмесін пайдалану болжанады. МДҚ-мен интеграция іске қосылғаннан кейін PDF форматындағы құжаттар жойылады, МДҚ-дан алынған цифрлық мәліметтерге басымдық беріледі.
Бос орындармен танысқаннан және белгілі бір лауазымды таңдағаннан кейін кандидат өтінімді , дербес деректерді өңдеуге келісім береді және электрондық-цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі – ҚМ) қарауға жібереді. Бұл ретте кандидаттар конкурстық негізде іріктеледі.
Кандидат жіберген барлық өтінім бірыңғай орталыққа түседі және тиісті бөлімше басшысының панелінде көрсетіледі.
Басшы өтінімді ҚМ орындаушылары – тиісті бөлімшенің (қызметкер саны 2 адамнан басталатын бөлім) қызметкерлері арасында айқындалған параметр (жүктемесі, жұмысқа қабілеті, әскер тегі, өңір және т.б.) бойынша бөледі.
Басшы өтінімді ҚМ орындаушысына бөлгеннен кейін кандидаттың жеке кабинетіндегі өтінімнің белгісі "Жұмысқа қабылданды" деп өзгереді. Кандидаттың көрсетілген телефон нөміріне өтінім белгісінің өзгергені көрсетілген SMS-хабарлама келеді (SMS қосымша манипуляциясыз автоматты түрде жіберіледі).
ҚМ орындаушысы өтінімнің, тіркелген құжаттардың дұрыс толтырылуын тексереді және кандидаттың жеке ісін қалыптастырады не егер кандидат "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 38-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, оны одан әрі қараудан бас тартады.
Жеке істі қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар ақпараттық жүйесінің дерекқорынан (бұдан әрі – МО АЖ ДҚ) МО АЖ-мен интеграциялау талабында айқындалған параметр бойынша сұрау салу-жауап арқылы кандидат туралы барлық қажетті ақпарат жиналады.
Ақпарат жинау аяқталғаннан кейін ҚМ орындаушысы кандидат туралы жиналған ақпаратты тексереді. Егер кандидат қандай да бір параметр бойынша талаптарға сәйкес келмеген жағдайда (мысалы – наркологияда есепте тұрса немесе сотталған болса) өтінім кандидатқа себебі түсіндірілмей қабылданбайды, бас тарту негіздемесі жүйенің арнайы бөлігінде көрсетіледі.
Кандидат барлық параметрге сәйкес келген жағдайда ҚМ орындаушысы XML файлын арнайы тексеруге ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті бөлімшесіне жібереді. Жүргізіліп жатқан XML файлы бар пилот шеңберінде іс қағаздағы форматта жиынтықталады.
Арнайы тексеруден өту туралы шешім "Jauynger.gov.kz" жүйесінен алынған құжаттар негізінде қабылданады.
Арнайы тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті (бұдан әрі – ҰҚКД) жүргізеді. Жеке іс МО АЖ ДҚ-дан алынған ақпаратта кандидаттың тіркелген жері болып көрсетілген өңірдің ҰҚКД-сына жіберіледі.
Кандидаттың жеке кабинетінде өтінімнің белгісі "арнайы тексеруге жолданды" деп өзгереді, сондай-ақ өтінім белгісінің өзгергені туралы SMS-хабарлама телефонға келеді.
ҰҚКД орындаушысы арнайы тексеруді ҰҚК ведомстволық бұйрықтарына сәйкес жүргізеді. Оң нәтиже болған кезде ЭЦҚ арқылы қол қойылған ҚМ орындаушысына жауап жіберіледі, ал егер арнайы тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда құжаттың шығыс нөмірініңбелгісі бар жауап ҚМ орындаушысына қағаз жүзінде жіберіледі.
ҚМ орындаушысы арнайы тексеру нәтижесін алғаннан кейін "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 38-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген мәліметтер болған кезде кандидатқа одан әрі қараудан бас тартады не кедергі болатын материал болмаған жағдайда өтінімді одан кейінгі рәсімге жібереді.
Тиісінше, кандидаттың жеке кабинетінде өтінімнің белгісі "медициналық тексеруге және психологиялық тестілеуге жіберілді" деп өзгереді, сондай-ақ өтінім мәртебесінің өзгергені туралы SMS-хабарлама телефонға келеді.
Арнайы тексеру рәсімінен өткеннен кейін ҚМ орындаушысы өтінімді қорғаныс істері департаментінің (бұдан әрі – ҚІД) орындаушысына медициналық тексеру мен психологиялық тестілеуден өту үшін жібереді.
Жеке іс МО АЖ ДҚ-дан алынған ақпаратта кандидаттың тіркелген жері болып көрсетілген және арнайы тексеру жүргізілген өңірдің медициналық комиссиясына жіберіледі (мысалы – тіркелген жері – Ақмола облысы болса, арнайы тексеру Ақмола облысында жүргізілді, тиісінше жеке іс Ақмола облысы бойынша медициналық комиссияға қарауға түседі).
Медициналық тексеру және психологиялық тестілеу үшін толық жеке іс емес, тек мынадай ақпарат жіберіледі:
● Сауалнамалық дерек (ТАӘ, туған күні, тіркелген мекенжайы).
● Кандидаттың жеке куәлігі туралы деректер.
● Туберкулезге қарсы диспансерден мәлімет.
● Тері-венерологиялық диспансерден мәлімет.
● Психиатриялық диспансерден мәлімет.
● Наркологиялық диспансерден мәлімет.
Тиісінше, кандидаттың жеке кабинетінде өтінімнің белгісі өзгереді, сондай-ақ ол телефонына өтінім белгісінің өзгергені туралы SMS-хабарлама және медициналық тексеру мен психологиялық тестілеуден өту үшін көрсетілген мекенжайға келу қажеттігі туралы ақпарат алады.
Медициналық тексеру және психологиялық тестілеу нәтижесі бойынша қорытындыны медициналық комиссияның төрағасы бір жұмыс күні ішінде ҚІД орындаушысына жібереді.
ҚІД орындаушысы медициналық тексеру және психологиялық тестілеу нәтижесінің сканерленген нұсқасын қоса тіркейді, өз панелінде тиісті шешімді ресімдейді және жауапты ҚМ орындаушысына жібереді.
Жүргізілген барлық рәсімнің қорытындысы бойынша оң шешім қабылданған жағдайда ҚМ орындаушысы қорытынды құжат – Келісімшарт жасау туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасайды және оны кандидатқа келісуге жібереді. Кандидат ЭЦҚ көмегімен Келісімге қол қояды.
ҚМ орындаушысы кандидат қол қойған Келісімді басшыға қол қоюға жібереді. Басшы барлық параметрді тексереді, егер оң шешім қабылдаса, өзінің ЭЦҚ арқылы Келісімге қол қояды. Одан кейін ҚМ орындаушысы кандидаттың жеке ісін әскери бөлімге жібереді, бұл ретте жеке істің материалы ҚМ орындаушысында дерекқорда сақталады.
Кандидат жеке кабинетінен екі тарап қол қойған Келісімді және келу уақыты мен орны көрсетілген әскери бөлімге келу қажеттілігі туралы нұсқаманы алады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі лауазымды адамының (басшысының) өтінімді қарау жұмысы бөлігінде "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" арқылы түскен кандидаттың келісімшарт бойынша әскери қызметке өтінімін қарау және келісу ПРОЦЕСІ РЕГЛАМЕНТІ
Астана 202__ жыл
ҚҰЖАТ ПАСПОРТЫ
Құпиялылық белгісі | |
Регламенттеу саласы | "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" арқылы түскен кандидаттың келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге өтінімін қарау жұмысы кезіндегі лауазымды адамның әрекетін регламенттеу және шешім қабылдау үшін іс-шара жүргізу |
Ақпараттық жүйе | "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" |
Құжатты жауапты әзірлеуші | _____________________________ |
Енгізілді |
____________________ орнына |
Бұйрық | |
Құжат коды | |
Қолданылу мерзімі |
Ұдайы |
Ұйым-құжат иесі | _________________________________ |
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Ұйым | Бөлімше | Лауазымы | ТАӘ | күні | қолы |
Өзгерістер мен толықтырулар
Нұсқа | Өзгеріс саны | Жауапты | Өзгеріс енгізілген күн | Өзгеріс сипаттамасы |
1. Жалпы ережелер
1.1. Мақсаты және қолданылу саласы
1.1.1. Осы әрекет ету регламенті "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" арқылы түскен кандидаттың/өтініш берушінің өтінімін қарау іс-шарасын орындау кезінде лауазымды адамның танысуы және орындауы, тиісті іс-шараны жүргізу және кандидатты келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін арналған.
1.1.2. Осы регламенттің талабын білуге және сақтауға тиіс:
● Лауазымы: _________________
● Ролі: Басшы
1.2. Пайдаланылатын қысқартулар
Қысқарту | Анықтама |
Сервис | "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" |
БП | Бизнес-процесс |
СБӨ | Сервистік бағдарламалық өнім |
Дерекқор | Осы деректің сипаттамасын, сондай-ақ оның объектілері арасындағы өзара байланысты сипаттайтын тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған деректер жиынтығы |
Ақпараттық жүйе, АЖ | Ақпарат беретін және тарататын адами, техникалық және қаржы ресурсы сияқты тиісті ұйымдық ресурспен бірлесіп, ақпаратты өңдеу жүйесі |
Кіші жүйе, Модуль | Жалпы жүйенің бір бөлігі болып табылатын жүйе |
Пайдаланушы | Жүйені қолданатын адам |
Бағдарламалық қамтамасыз ету, БҚ | Ақпаратты өңдеу жүйесі бағдарламасының, әдістемесінің, қағидаларының және қосымша құжаттамасының барлығы немесе бір бөлігі |
Өтінім | ҚР Заңында айқындалған мерзімге Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бос лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматының Сервис арқылы берген өтініші |
Өтініш беруші, Кандидат | ҚР Заңында айқындалған мерзімге Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бос лауазымына орналасуға үміткер және Сервис арқылы өтінім берген Қазақстан Республикасының азаматы |
Орындаушы | Сервисті пайдалану арқылы ақпаратты өңдейтін мемлекеттік орган қызметкері |
Келісім | Тараптардың ниетін растайтын және ҚР Заңында айқындалған мерзімге Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметке әскери қызметшінің бос лауазымына орналасуға құқық беретін қорытынды құжат |
Келісімшарт бойынша әскери қызметші | ҚР Заңында айқындалған мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке өз еркімен кірген Қазақстан Республикасының азаматы |
Цифрландыру | Бизнес-процесс, оның барысында барлық әрекет ету саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді енгізу жүргізіледі, сондай-ақ ақпаратты пайдалану, сақтау және беру тәсілі өзгереді |
Арнайы тексеру | Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамды, жақын туыстарын (ата-анасын, жұбайын (зайыбын), балаларын, асырап алушыларын, асырап алынғандарын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерін, апа-сіңлілерін, қарындастарын, атасын, әжесін, немерелерін) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстарын келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру шартына сәйкес келуі тұрғысынан арнайы тексеру |
Психотест | Мамандандырылған тест тапсыру арқылы психологиялық жарамдылығына тексеруден өту |
Кабинет | Жүйедегі компонент пен рольге байланысты Жүйемен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін көрнекі бөлім |
ДҚ | Дерекқор |
ҚР ҚК | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері |
ҚР ҚМ | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
1.3. Нормативтік сілтемелер
Сыртқы құжат
№ | Күні | Атауы |
872 | 2022 жылғы 13 сәуірдегі | "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
350-VI | 2020 жылғы 29 маусымдағы | "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі" Қазақстан Республикасының кодексі |
416-V ҚРЗ | 2015 жылғы 23 қарашадағы | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
561-IV ҚРЗ | 2012 жылғы 16 ақпандағы | "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
418-V ҚРЗ | 2015 жылғы 24 қарашадағы | "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
124 | 2006 жылғы 25 мамырдағы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен |
Ішкі құжат
№ | Күні | Атауы |
2. Процестің жалпы сипаттамасы
Иесі: процесс иесінің лауазымы _____________ (ролі – Басшы)
Процестің басталуы: Процестің басталуы лауазымды адамның ЭЦҚ-ны, логин мен парольді қолданып, Сервиске кіруі болып табылады. Кіру Басшының ролі бұрын анықталған Сервисте жүзеге асырылады.
Процесс сипаттамасы: Басшы келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру мәселесі бойынша қарауға өтінім қабылдау мүмкіндігі жүзеге асырылған жеке кабинетке кіреді.
Сервисте Басшыға қарау және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау іс-шарасын жүргізу үшін түскен (өтініш берушіден, орындаушыдан келісу және қол қою үшін түскен, қол қойылған, қабылданбаған) барлық өтінім, жүргізілген іс-шара бойынша есеп көрсетіледі.
Басшыда барлық өтінім архивімен танысуға мүмкіндік болады.
Басшыда түскен барлық өтінімнің тізімімен танысу және оның біреуін таңдау мүмкіндігі болады. Одан әрі бір өтінімді таңдау кезінде кандидат/өтініш беруші туралы және тікелей өтініш беруші ұсынған мәлімет қамтылған бастапқы ақпарат көрсетіледі. Өтініммен алғаш танысқаннан кейін Басшы одан әрі жұмыс істеу үшін оны Қорғаныс министрлігінің орындаушысына (бұдан әрі – ҚМ орындаушысы) жібереді. Сонымен, Басшы түскен барлық өтінімді ҚМ орындаушылары арасында бөледі және одан әрі оның орындалуын бақылайды.
Сонымен қатар, Басшыға түпкілікті шешім қабылдау және кандидатпен/өтініш берушімен келісімшартқа қол қою үшін барлық жұмыс сатысынан өткен, ҚМ орындаушысы пысықтаған және жіберген барлық өтінім түседі. Басшы келісуге түскен өтінімді қарайды, қолда бар барлық мәліметті және тиісті іс-шара (арнайы тексеру, медициналық куәландыру, психологиялық тестілеу) нәтижесін тексереді. Қажетті талапқа сәйкес келуіне жүргізілген тексеруден кейін Басшы ЭЦҚ арқылы кандидатпен/өтініш берушімен келісімшартқа қол қояды.
"Қол қойылды" деген бөлімде Басшы пысықтаған және қол қойған барлық өтінім көрсетіледі. Басшыда қол қойылған барлық өтінімді кез келген уақытта қарауға және жиналған барлық мәліметті қарап, әрбір өтініммен жеке танысуға мүмкіндік болады.
"Қабылданбаған" деген бөлімде пысықталған және ол бойынша одан әрі қараудан бас тарту туралы шешім қабылданған барлық өтінім көрсетіледі. Басшыда бас тарту туралы шешім қабылданған барлық өтінімді кез келген уақытта қарауға және бас тартуға себеп болған жиналған барлық мәліметті қарап, әрбір өтініммен жеке танысуға мүмкіндік болады.
"Есеп беру" модулі тиісті іріктеуден және статистикалық деректерден тұрады. Осы модульде Басшы түскен өтінім саны және одан әрі өтініммен жүргізілген барлық іс-шара туралы қажетті статистикалық ақпарат алады. Іріктеу бойынша Басшы өзіне қажетті есептілік параметрін айқындайды.
"Барлық сұрау салу" модулі белгісіне және ағымдағы сәттегі жұмыс кезеңіне қарамастан, барлық өтінім тізбесінен тұрады. Осы модульден Басшы қажет болған кезде тиісті өтінімді тауып ала алады.
Процесс нәтижесі: Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен сервисінен өтініш беруші туралы жиналған мәлімет, жүргізілген іс-шара нәтижесі негізінде шешім қабылдау процесс нәтижесі болып табылады. Осы процесс қарау және шешім қабылдау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Мерзімге қойылатын талап: Қарауға түскен өтінім қаралады және ол бойынша Басшы ол түскен күннен бастап, үш күннен аспайтын мерзімде шешім қабылдайды. Процесті аяқтау және мерзімді белгілеу ЭЦҚ-мен қол қойылған жауап болып табылады.
3. Процестің графикалық схемасы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі лауазымды адамының (орындаушысының) өтінімді қарау жұмысы бөлігінде "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" арқылы түскен кандидаттың келісімшарт бойынша әскери қызметке өтінімін қарау және келісу
ПРОЦЕСІ РЕГЛАМЕНТІ
Астана 20__ жыл
ҚҰЖАТ ПАСПОРТЫ
Құпиялылық белгісі | |
Регламенттеу саласы | "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" арқылы түскен кандидаттың келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге өтінімін қарау жұмысы, кандидаттың/өтініш берушінің жеке ісін (МО АЖ-дан жиналған мәліметтен тұратын) қалыптастыру және шешім қабылдау үшін іс-шара жүргізу кезіндегі лауазымды адамның әрекетін регламенттеу |
Ақпараттық жүйе | "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" |
Құжатты жауапты әзірлеуші | _____________________________ |
Енгізілді |
____________________ орнына |
Бұйрық | |
Құжат коды | |
Қолданылу мерзімі |
Ұдайы |
Ұйым – құжат иесі | _________________________________ |
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Ұйым | Бөлімше | Лауазымы | ТАӘ | күні | қолы |
Өзгерістер мен толықтырулар
Нұсқа | Өзгеріс саны | Жауапты | Өзгеріс енгізілген күн | Өзгеріс сипаттамасы |
1. Жалпы ережелер
1.1. Мақсаты және қолданылу саласы
1.1.1. Осы әрекет ету регламенті "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" арқылы түскен кандидаттың/өтініш берушінің өтінімін қарау, тиісті іс-шара жүргізу және кандидатты келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдау іс-шарасын орындау кезінде лауазымды адамның танысуы және орындауы үшін арналған.
1.1.2. Осы регламент талабын білуге және сақтауға тиіс:
● Лауазымы: _________________
● Ролі: Қорғаныс министрлігінің орындаушысы
1.2. Пайдаланылатын қысқартулар
Қысқарту | Анықтама |
Сервис | "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" |
БП | Бизнес-процесс |
СБӨ | Сервистік бағдарламалық өнім |
Дерекқор | Осы деректердің сипаттамасын, сондай-ақ объектілері арасындағы өзара байланысты сипаттайтын тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған деректер жиынтығы |
Ақпараттық жүйе, АЖ | Ақпарат беретін және тарататын адами, техникалық және қаржы ресурсы сияқты тиісті ұйымдық ресурспен бірлесіп, ақпарат өңдеу жүйесі |
Кіші жүйе, Модуль | Жалпы жүйенің бір бөлігі болып табылатын жүйе |
Пайдаланушы | Жүйені қолданатын адам |
Бағдарламалық қамтамасыз ету, БҚ | Ақпаратты өңдеу жүйесі бағдарламасының, әдістемесінің, қағидаларын және қосымша құжаттамасының барлығы немесе бір бөлігі |
Өтінім | ҚР Заңында айқындалған мерзімге Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бос лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматының Сервис арқылы берген өтініші |
Өтінім беруші, Кандидат | ҚР Заңында айқындалған мерзімге Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бос лауазымына орналасуға үміткер және Сервис арқылы өтінім берген Қазақстан Республикасының азаматы |
Орындаушы | Сервисті қолдану арқылы ақпаратты өңдейтін мемлекеттік орган қызметкері |
Келісім | Тараптардың ниетін растайтын және ҚР Заңында айқындалған мерзімге Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметке әскери қызметшінің бос лауазымына орналасуға құқық беретін қорытындықұжат |
Келісімшарт бойынша әскери қызметші | ҚР Заңында айқындалған мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке өз еркімен кірген Қазақстан Республикасының азаматы |
Цифрландыру |
Бизнес-процесс, оның барысында барлық әрекет ету саласында ақпараттық-коммуникациялық |
Арнайы тексеру | Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамды, жақын туыстарын (ата-анасын, балаларын, асырап алушыларын, асырап алынғандарын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерін, апа-сіңлілерін, қарындастарын, атасын, әжесін, немерелерін) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстарын келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру шарттарына сәйкес келуі тұрғысынан арнайы тексеру |
Психотест | Мамандандырылған тест тапсыру арқылы психологиялық жарамдылығына тексеруден өту |
Кабинет | Жүйедегі компонент пен рольге байланысты Жүйемен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін көрнекі бөлім |
ДҚ | Дерекқор |
ҚР ҚК | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері |
ҚР ҚМ | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
1.3. Нормативтік сілтемелер
Сыртқы құжат
№ | Күні | Атауы |
872 | 2022 жылғы 13 сәуірдегі | "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
350-VI | 2020 жылғы 29 маусымдағы | "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі" Қазақстан Республикасының кодексі |
416-V ҚРЗ | 2015 жылғы 23 қарашадағы | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
561-IV ҚРЗ | 2012 жылғы 16 ақпандағы | "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
418-V ҚРЗ | 2015 жылғы 24 қарашадағы | "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
124 | 2006 жылғы 25 мамырдағы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары" |
Ішкі құжат
№ | Күні | Атауы |
2. Процестің жалпы сипаттамасы
Иесі: процесс иесінің лауазымы _____________ (ролі – Қорғаныс министрлігінің орындаушысы)
Процестің басталуы: Процестің басталуы лауазымды адамның ЭЦҚ-ны, логин мен парольді қолданып, Сервиске кіруі болып табылады. Кіру ролі – Қорғаныс министрлігінің орындаушысы (бұдан әрі – ҚМ орындаушысы) бұрын анықталған Сервисте жүзеге асырылады.
Процесс сипаттамасы: ҚМ орындаушысы өтінімді қабылдау, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен сервисінен өтініш беруші туралы мәлімет жинау, арнайы тексеру үшін өтінім жіберу, келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидатты медициналық тексеру мен психологиялық тестілеу, өтініш берушімен келісімшартты және т.б. келісу мүмкіндігі жүзеге асырылатын жеке кабинетке кіреді.
ҚМ орындаушысында барлық өтінімнің архивімен танысуға мүмкіндік болады.
ҚМ орындаушысында Басшыдан түскен барлық өтінімнің тізімімен танысу және оның біреуін таңдау мүмкіндігі болады. Одан әрі бір өтінімді таңдау кезінде өтініш беруші туралы ақпарат көрсетіледі және оған өтінімді толтырған кезде өтініш беруші көрсеткен мәлімет кіреді. Қажет болған кезде ҚМ орындаушысында мәліметті жүктеу/басып шығару мүмкіндігі болады.
Одан әрі өтінім жұмысқа қабылданған жағдайда ҚМ орындаушысы мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен сервисінен қажетті барлық ақпаратты жинау арқылы өтініш берушінің жеке ісін қалыптастырады. Егер өтініш беруші белгіленген барлық талапқа сәйкес келген жағдайда өтінім тексеру үшін ҰҚКД орындаушысына жіберіледі.
Арнайы тексеруден өту нәтижесі бойынша қабылданған оң шешім Сервис арқылы алынған жағдайда ҚМ орындаушысы медициналық тексеру үшін және психологиялық тестілеуден өту үшін өтінім жібереді және өтініш берушіні көрсетілген уақытта және жерге бару қажеттігі туралы SMS арқылы хабардар етеді.
Жүргізілген барлық іс-шараның қорытындысы бойынша ҚМ орындаушысы әскери қызмет өткеру туралы Келісім жасайды және оны өтініш берушіге келісу және қол қою үшін жібереді. Келісімге қол қойғаннан кейін ҚМ орындаушысы Сервис арқылы өтініш берушіге нұсқама жібереді.
Сервисте жасалған нұсқамаға Басшы ЭЦҚ-мен қол қояды.
Процесс нәтижесі: Жүргізілген іс-шара қорытындысы және мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен сервисінен жиналған мәлімет бойынша шешім қабылдау процестің нәтижесі болып табылады. Осы процесс қарау және шешім қабылдау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Мерзімге қойылатын талап: Қарауға келіп түскен өтінім қаралады және ол бойынша қажетті материал түскен күннен бастап төрт айдан аспайтын мерзімде шешім қабылданады. Процесті аяқтау және мерзімді белгілеу ЭЦҚ-мен қол қойылған жауап болып табылады.
3. Процестің графикалық схемасы
Қорғаныс істері департаменті лауазымды адамының (орындаушысының) медициналық тексеруі мен психологиялық тестілеуі бөлігінде "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" арқылы түскен келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттың өтінімін қарау және келісу
ПРОЦЕСІ РЕГЛАМЕНТІ
Астана 202___жыл
ҚҰЖАТ ПАСПОРТЫ
Құпиялылық белгісі | |
Регламенттеу саласы | "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" арқылы кандидаттың/өтініш берушінің өтінімі және жеке ісі (МО АЖ-дан жиналған мәліметті қамтитын) түскен кезде медициналық тексеру және психологиялық тестілеу кезінде қорғаныс істері департаменті лауазымды адамының әрекетін регламенттеу |
Ақпараттық жүйе | "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" |
Құжатты жауапты әзірлеуші | _____________________________ |
Енгізілді |
____________________ орнына |
Бұйрық | |
Құжат коды | |
Қолданылу мерзімі |
Ұдайы |
Ұйым – құжат иесі | _________________________________ |
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Ұйым | Бөлімше | Лауазымы | ТАӘ | Күні | Қолы |
Өзгерістер мен толықтырулар
Нұсқа | Өзгеріс саны | Жауапты | Өзгеріс енгізілген күн | Өзгеріс сипаттамасы |
1. Жалпы ережелер
1.1. Мақсаты және қолданылу саласы
1.1.1. Осы әрекет ету регламенті өтінімі "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" арқылы қарауға түсетін кандидатты/өтініш берушіні медициналық тексеру және психологиялық тестілеуден өткізу іс-шарасын орындау кезінде лауазымды адамдардың танысуы және орындауы үшін арналған.
1.1.2. Осы регламенттің талабын білуге және сақтауға тиіс:
● Лауазымы: _________________
● Рөлі: Қорғаныс істері департаментінің орындаушысы
1.2. Пайдаланылатын қысқартулар
Қысқарту | Анықтама |
Сервис | "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" |
БП | Бизнес-процесс |
СБӨ | Сервистік бағдарламалық өнім |
Авариялық жағдай | Қауіпсіз пайдалану шегінің және (немесе) шартының бұзылуымен сипатталатын ықтимал қауіпті объектінің жай-күйі |
Дерекқор | Осы деректердің сипаттамасын, сондай-ақ объектілері арасындағы өзара байланысты сипаттайтын тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған деректер жиынтығы |
Ақпараттық жүйе, АЖ | Ақпарат беретін және тарататын адами, техникалық және қаржы ресурсы сияқты тиісті ұйымдық ресурспен бірлесіп, ақпаратты өңдеу жүйесі |
Кіші жүйе, Модуль | Жалпы жүйенің бір бөлігі болып табылатын жүйе |
Пайдаланушы | Жүйені пайдаланатын адам |
Бағдарламалық қамтамасыз ету, БҚ | Ақпаратты өңдеу жүйесі бағдарламасының, әдістемесінің, қағидаларының және ілеспе құжаттамасының барлығы немесе бір бөлігі |
ИШ, Шлюз | ҚР ҚМ "Интеграциялық шлюзі" ААЖ |
Өтінім | ҚР Заңында айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бос лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматының Сервис арқылы берген өтініші |
Өтініш беруші, Кандидат | ҚР Заңында айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бос лауазымына орналасуға үміткер және Сервис арқылы өтінім берген Қазақстан Республикасының азаматы |
Орындаушы | Сервисті пайдалану арқылы ақпаратты өңдейтін мемлекеттік органның қызметкері |
Келісім | Тараптардың ниетін растайтын және ҚР Заңында айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметке әскери қызметшінің бос лауазымына орналасуға құқық беретін қорытынды құжат |
Келісімшарт бойынша әскери қызметші | ҚР Заңында айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке өз еркімен кірген Қазақстан Республикасының азаматы |
Цифрландыру | Бизнес-процесс, оның барысында барлық тіршілік әрекеті саласына ақпараттық-коммуникациялық технология белсенді ендіріледі, сондай-ақ ақпаратты пайдалану, сақтау және беру тәсілі өзгереді |
Арнайы тексеру | Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамды, жақын туыстарын (ата-анасын, балаларын, асырап алушыларын, асырап алынғандарын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерін, апа-сіңлілерін, қарындастарын, атасын, әжесін, немерелерін) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстарын келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру шарттарына сәйкес келуі мәніне арнайы тексеру |
Психотест | Мамандандырылған тест тапсыру арқылы психологиялық жарамдылығына тексеруден өту |
Кабинет | Жүйедегі компонент пен рөлге байланысты жүйемен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін көрнекі бөлім |
ДҚ | Дерекқор |
ҚР ҚК | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері |
ҚР ҚМ | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
1.3. Нормативтік сілтемелер
Сыртқы құжат
872 | 2022 жылғы 13 сәуірдегі | "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
350-VI | 2020 жылғы 29 маусымдағы | "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі" Қазақстан Республикасының кодексі |
416-V ҚРЗ | 2015 жылғы 23 қарашадағы | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
561-IV ҚРЗ | 2012 жылғы 16 ақпандағы | "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
418-V ҚРЗ | 2015 жылғы 24 қарашадағы | "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы |
124 | 2006 жылғы 25 мамырдағы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары" |
Ішкі құжат
№ | Күні | Атауы |
2. Процестің жалпы сипаттамасы
Иесі: процесс иесінің лауазымы _____________ (ролі – қорғаныс істері департаментінің орындаушысы)
Процестің басталуы: Процестің басталуы лауазымды адамның ЭЦҚ-ны, логин мен парольді пайдаланып, Сервиске кіруі болып табылады. Кіру бұрын Сервисте верификацияланған қорғаныс істері департаментінің орындаушысы (бұдан әрі – ҚІД орындаушысы) рөлінде жүзеге асырылады.
Процесс сипаттамасы: ҚІД орындаушысы келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидатты медициналық тексеру және психологиялық тестілеу үшін өтінім қабылдау мүмкіндігі жүзеге асырылатын жеке кабинетке кіреді.
Сервисте ҚІД орындаушысына қарау және медициналық тексеру немесе психологиялық тестілеу үшін түскен барлық өтінім, келісілген өтінімдер және медициналық тексеру мен психологиялық тестілеуден өткен өтініш берушілер көрсетіледі.
ҚІД орындаушысының өтінімнің барлық архивімен танысу мүмкіндігі болады.
ҚІД орындаушысының түскен өтінімнің барлық тізімімен танысу және оның біреуін таңдау мүмкіндігі болады. Одан әрі бір өтінімді таңдау кезінде өтініш беруші туралы ақпарат көрсетіледі және интеграциялау арқылы мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен сервисінен жиналған мәліметті қамтиды. Қажет болған кезде ҚІД орындаушысының мәліметті жүктеу/басып шығару мүмкіндігі болады. Өтінімді алғаннан және әскери-дәрігерлік комиссия өтініш берушіні қарап-тексеру бойынша қажетті рәсімді жүргізгеннен немесе тиісті маман психологиялық тестілеуді өткізгеннен және медициналық тексеруден немесе психологиялық тестілеуден өткені немесе өтпегені туралы шешім шығарылғаннан кейін ҚІД орындаушысы тиісті құжаттың сканерленген нұсқасын тіркейді, белгінің бірін таңдайды және ЭЦҚ арқылы өтінімге жауапқа қол қойып, оны медициналық тексеруден немесе психологиялық тестілеуден өткізуге өтінім түскен мемлекеттік органның орындаушысына қайта жібереді.
Процесс нәтижесі: Медициналық тексеруден немесе психологиялық тестілеуден өту нәтижесі бойынша және тиісті лауазымды адамдардың өтініш беруші туралы қорытындысы негізінде шешім қабылдау, сондай-ақ нәтижені өтінім жіберген мемлекеттік органға жіберу процестің нәтижесі болып табылады. Осы процесс қарау және шешім қабылдау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Мерзімге қойылатын талап: Қарауға түскен өтінім қаралады және ол бойынша қажетті материал түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шешім қабылданады. ЭЦҚ-мен қол қойылған жауап процестің аяқталуы және мерзімді белгілеу болып табылады.