Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлаудың нысаналы индикаторлары мен нәтиже көрсеткішін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № 1387 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24908 болып тіркелген) БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлаудың нысаналы индикаторлары мен нәтиже көрсеткішін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 9-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде деректемелер түрінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 27 қараша
№ 1387 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлаудың нысаналы индикаторлары мен нәтиже көрсеткішін есептеу әдістемесі

1-бөлім. Есептеуге жататын нысаналы индикаторлар мен нәтиже көрсеткішінің тізбесі

Р/с

Нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткішінің атауы

Өлшем бірлігі

Дерек түрі (ресми статистикалық ақпарат, халықаралық статистика, әкімшілік деректер)

1.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық ұйымдарынан іріктелген әскери-техникалық және өзге де мамандар саны

адам

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әкімшілік деректері

2.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарын бітірген әскери-техникалық және өзге де мамандар саны

адам

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әкімшілік деректері

2-бөлім.

1. "Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде іріктелген әскери-техникалық және өзге де мамандар саны, бар кемшіліктер және оларды жою бойынша қабылданатын шаралар" нысаналы индикаторлары мен нәтиже көрсеткішін есептеу алгоритмі

1.

Нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткішін айқындау (ұғымдық аппарат)

Индикатор Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде әскери-техникалық мектептердің филиалдарына оқуға түскен әскери-техникалық және өзге де мамандар санының өсу серпінін көрсетеді

2.

Нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткіші бойынша жедел, алдын ала және есептік деректер жасау кезеңділігі мен мерзімі

Көрсеткіш бір жылда 2 рет көктемгі және күзгі шақыру кезеңі аяқталғаннан кейін жасалады

3.

Ақпараттық жүйеге және нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткіші бойынша (болса) есептік деректерді орналастыру орнына сілтеме көрсетілген (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтеме көрсетілген) ақпарат көзі

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы.
Орналасқан жері: Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/mod?lang=ru&ysclid=lte2an3p6p688920140 ("Әскери-патриоттық тәрбие беру" бөлімінде)

4.

Өлшем бірлігін көрсетіп есептеудің егжей-тегжейлі және айқын бірізділігі көрсетілген нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткішінің алгоритмі

Нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткішін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
іӘТМ = А1+А2+А3+А4……….А20*100% онда: қажетС
іӘТМ – қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде (бұдан әрі - ҚІД) іріктеген әскери-техникалық және өзге де мамандар;
қажетС – оқытылатын әскери-техникалық мамандардың жоспарланған қажетті саны;
А1 - Астана қаласының ҚІД;
А2 - Алматы қаласының ҚІД;
А3 - Ақмола облысының ҚІД;
А4 - Ақтөбе облысының ҚІД;
А5 - Алматы облысының ҚІД;
А6 - Атырау облысының ҚІД;
А7 - Шығыс Қазақстан облысының ҚІД;
А8 - Батыс Қазақстан облысының ҚІД;
А9 - Солтүстік Қазақстан облысының ҚІД;
А10 - Жамбыл облысының ҚІД;
А11 - Қарағанды облысының ҚІД;
А12 - Қызылорда облысының ҚІД;
А13 - Қостанай облысының ҚІД;
А14 - Маңғыстау облысының ҚІД;
А15 - Павлодар облысының ҚІД;
А16 - Түркістан облысының ҚІД;
А17 - Шымкент қаласының ҚІД;
А18 - Абай облысының ҚІД;
А19 - Жетісу облысының ҚІД;
А20 - Ұлытау облысының ҚІД.
Өлшем бірлігі: адам

4.1

республикалық деңгейде

4-бағанға сәйкес

4.2

жергілікті деңгейде (қажет болса облыстық/аудандық/қалалық деңгейде көрсетілсін)

-

5.

Нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуде әрбір бірге орындайтын мемлекеттік органның қосқан үлесін айқындап, каскадтау немесе декомпозициялау арқылы жоғары тұрған МЖЖ құжаттарының көрсеткішімен өзара байланыс

-

2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарынан шығарылған әскери-техникалық және өзге де мамандардың саны, бар кемшіліктер және оларды жою бойынша қабылданатын шаралар" нысаналы индикаторлары мен нәтиже көрсеткішін есептеу алгоритмі

1.

Нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткішін айқындау (ұғымдық аппарат)

Индикатор әскери-техникалық мектептер филиалынан шығарылған (оқып шыққан) әскери-техникалық және өзге де мамандар санының өсу серпінін көрсетеді

2.

Нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткіші бойынша жедел, алдын ала және есептік деректер жасау кезеңділігі мен мерзімі

Көрсеткіш бір жылда 2 рет көктемгі және күзгі шақыру кезеңі аяқталғаннан кейін жасалады

3.

Ақпараттық жүйеге және нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткіші бойынша (болса) есептік деректерді орналастыру орнына сілтеме көрсетілген (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтеме көрсетілген) ақпарат көзі

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы.
Орналасқан жері: Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/mod?lang=ru&ysclid=lte2an3p6p688920140 ("Әскери-патриоттық тәрбие беру" бөлімінде)

4.

Өлшем бірлігін көрсетіп есептеудің егжей-тегжейлі және айқын бірізділігі көрсетілген нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткішінің алгоритмі

Нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткішін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
шӘТМ= В1+В2+В3+В4……….В8*100% онда: қажетС
шӘТМ – Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарынан шығарылған әскери-техникалық және өзге де мамандар;
қажетС – оқытылатын әскери-техникалық мамандардың жоспарланған қажетті саны;
В1 - ӘТМ Алматы филиалы;
В2 - ӘТМ Қарағанды филиалы;
В3 - ӘТМ Павлодар филиалы;
В4 - ӘТМ Талдықорған филиалы;
В5 - ӘТМ Тараз филиалы;
В6 - ӘТМ Орал филиалы;
В7 - ӘТМ Өскемен филиалы;
В8 - ӘТМ Шымкент филиалы.
Өлшем бірлігі: адам

4.1

республикалық деңгейде

4-бағанға сәйкес

4.2

жергілікті деңгейде (қажет болса облыстық/аудандық/қалалық деңгейде көрсетілсін)

-

5.

Нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуде әрбір бірге орындайтын мемлекеттік органның қосқан үлесін айқындап, каскадтау немесе декомпозициялау арқылы жоғары тұрған МЖЖ құжаттарының көрсеткішімен өзара байланыс

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады