Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы өкілінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі өтінішінің негізінде:
1. Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының аумағында орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін төсеу және оларға қызмет көрсету үшін "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 10 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін: "Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Егіндікөл ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебі", "Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Егіндікөл ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі", Егіндікөл аудандық ауруханасы, Егіндікөл ауданының полиция бөлімі, жалпы ауданы 0,24 гектар.
2. "Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде жіберсін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Егіндікөл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
м.а. Егіндікөл ауылының әкімі | А.Филютина |