Ерейментау ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" және "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № а-7/194 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.

      2. Ерейментау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Тілдерді оқыту орталығы" "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне лауазымдық жалақыдан (оның ішінде А1/3, В2/4, В3/4, С2 санаттарының қызметкерлері) лауазымдық жалақыларына 50% - ға (елу пайыз) дейінгі мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Б.Н. Ыбыраевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Аудан әкімі Мұқатов Н.З.

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы
  № ________ қаулысына
  қосымша

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасының негізінде әзірленді және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандырушы сипаттағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.

      3. Орган государственного управления – государственное учреждение соответствущей отрасли, являющееся уполномоченным органом коммунального государственного учреждения или государственного коммунального казенного предприятия в соответствии с уставом.

      Мемлекеттік басқару органы-жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.

      4. Бюджетные средства на выплату стимулирующих надбавок к должностными окладам работников бюджетных организаций должны быть предусмотрены в плане финансирования (плане развития) государственной организаций каждый финансовый год.

      Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.

2 тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары

      5. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      6. Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.

      7. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және т.б.).

      8. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.

      9. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      10. Ерейментау ауданының бюджеті, сондай-ақ кәсіпорындардың меншікті қаражаты бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.

      11. Мемлекеттік басқару органы мемлекеттік органдардың штаттан тыс қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлері үшін мемлекеттік мекеменің және ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде лауазымдық айлықақыларға ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.

3-тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі

      12. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Ерейментау ауданының бюджетінен ынталандыру үстеме төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Ерейментау ауданының мәслихатына жібереді.

      14. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік мекеменің/кәсіпорынның басшысы қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.

      15. Мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік мекеменің/кәсіпорынның басшысы еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, өз қызметкерлерінің ынталандыру үстемесінің мөлшерін жеке тәртіппен қайта қарауға құқылы.

      16. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде төленбейді.

      17. Тиісті лауазым санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда ынталандырушы үстемеақылар төленбейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады