Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/8 шешімі

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біржан сал ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында Біржан сал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы Н.Қуатова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады