Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары, қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. "Жарқайың ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу бойынша жұмыс тобын құрсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Жарқайың ауданының әкімі | Ж.Хамитов |
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № А-11/386 қаулысына қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды бюджет, оның ішінде аудандық бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтер бюджеттері (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары).
2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
2. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілік қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінім жібереді.
3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының қарауына ынталандырушы үстемеақылар бойынша қосымша қажеттілік шығарады.
4. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақылар белгілеуді ұйым басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде немесе ұйым басшысының дербес ұсынуы негізінде жүргізіледі.
Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу ұйым басшысының ұсынысы негізінде жүргізілуі мүмкін.
Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде ол тіркелген күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде келіседі немесе лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыны белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тартады. Қызметкер шешім шығарылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.
5. 12 – тармақта көрсетілген шарттар қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақы төлеуден бас тартуға негіз болып табылады.
6. Ұсыныста жұмыскердің тегі мен лауазымы, тәртіптік жазаның жоқтығы туралы негіздер, мәліметтер және аудандық мәслихаттың шешімімен белгіленген үстемеақы мөлшері көрсетіледі.
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары
7. Ынталандыру үстемеақылары жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
8. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
9. Ынталандыру үстемеақыларын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағының кеңеюі, үстеме жұмыс және басқалар үшін үстемеақылар) төлеуді тоқтатуға негіз болып табылмайды.
10. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
11. Ынталандыру үстемеақыларды белгілеу құқығын беретін жұмыскерлер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері;
4) ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысының шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындауы;
5) егер уақытша болмаған жұмыскерді ауыстыру алмастырушы жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және / немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босатпай орындау;
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (жұмыс өтілі) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен жүктеу;
7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттармен олардың орындалу көлеміне қарай, сондай - ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін жұмысты жүзеге асыру;
8) объективті мән - жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде: еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек жарақаты, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы болып табылады.
12. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жұмыскерлерге белгіленбейді:
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
2) ұйымда бір айдан кем жұмыс істегендерге;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне;
4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;
5) қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;
6) қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
8) оқу демалысы кезеңінде;
9) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
10) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
13. Ынталандыру үстемеақылар және олардың мөлшері Жарқайың аудандық мәслихатының шешімімен белгіленеді;
14. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы керек.
15. Ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ұйымның қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылы көзделуге тиіс.