Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Қараөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі Қараөткел ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Дружба көшесі - Ағыбай батыр көшесіне;
2) Строительная көшесі - Бәйтерек көшесіне;
3) Степная 1 көшесі - Роза Бағланова көшесіне;
4) Степная 2 көшесі - Арыстан баб көшесіне;
5) Бәйтерек 1 көшесі - Әбілқайыр хан көшесіне;
6) Бәйтерек 2 көшесі - Халифа Алтай көшесіне;
7) Пятилетка көшесі - Қожа Ахмет Йассауи көшесіне;
8) Целинная көшесі - Жұмабек Тәшенев көшесіне;
9) Набережная көшесі - күйші Дәулеткерей көшесіне;
10) Северная көшесі - Мұқағали Мақатаев көшесіне;
11) А.С. Пушкин көшесі - Естай көшесіне;
2. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі Қараөткел ауылының көшелері:
1) № 15 көшесі - Балуан Шолақ көшесі;
2) № 33 көшесі - Фариза Оңғарсынова көшесі;
3) № 67 көшесі - Талғат Бигелдинов көшесі;
4) № 70 көшесі - Кейкі батыр көшесі;
5) № 80 көшесі - Латиф Хамиди көшесі;
6) № 102 көшесі - Мақсұтбек Тоқмағанбетов көшесі;
7) № 111 көшесі - Бәйдібек би көшесі;
8) № 216 көшесі - Райымбек батыр көшесі деп аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қараөткел ауылдық округінің әкімі | Т.Дауылтаев |