БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi туралы ережеде (2-қосымша):
Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөліністердің тізбесінде:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi.";
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi.";
Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлiмi."
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ережеде (53-қосымша):
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ереже";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) қала аумағындағы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріне басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент ҚАЖ мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 53-1 - қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Т.Н. Жәнібеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық департаменттерінің бастықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркеуші органдарда құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 642 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 53-1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) Алматы және Жетісу облыстары аумағындағы қылмыстық-атқару (пенитенциярлық) жүйесі мекемелеріне басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент ҚАЖ мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 050030, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Красногорская көшесі 73 А.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерімен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Департаменттің негізгі міндеттері:
1) қылмыстық жазалардың орындалуын және сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды ұстауды қамтамасыз ететін мекемелерге басшылықты жүзеге асыру;
2) қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдар арасында тәрбие жұмысын, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдалана отырып ұйымдастыру;
3) ҚАЖ мекемелеріндегі дайындалу және жасалу жолындағы қылмыстар мен жазаны орындаудың және күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін бұзушылықты анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және ашуды ұйымдастыру;
4) ҚАЖ мекемелерінде режим, қадағалау, күзетті қамтамасыз ету үшін бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ҚАЖ мекемелерінде өткізу режимін ұйымдастыру үшін бақылауды жүзеге асыру;
5) пробация қызметтерінің есептерінде тұрған адамдарға қатысты бас бостандығын айырумен байланысты емес қылмыстық жазаларды орындайды;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелетін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) сотталғандарға қатысты соттың үкімдері мен қаулыларын орындайды, ҚАЖ мекемелерінің күзетін, тәртіпті сақтауын және жазасын өтеу жағдайын қамтамасыз етеді;
2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің және органдарының күзетін жүзеге асырады, ондағы жедел жағдайға бақылауды, персоналдың, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауіпсіздігін, оларды айдауылдауды қамтамасыз етеді;
3) сотталғандарды босатуға дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін орындауды, сотталғандардың түзелу қорытындыларын бекіту бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасады, олардың тұрмыстық және жұмыспен қамтамасыз етеді;
4) қылмыстық-атқару жүйесінде қызметті жүзеге асыратын мекемелерді, ұйымдарды құру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
5) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды сот үкімдеріне, қаулыларына және ережелеріне сәйкес орналастыруды ұйымдастырады;
6) жазаны өтеу мен орындаудың тәртібі мен жағдайын реттейді;
7) мекемеден қашқан сотталғандарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден бас тартқан сотталғандарға іздеу салуды жүзеге асырады;
8) пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың тәртібін бақылау бойынша пробация қызметі мен полиция бөліністерінің өзара іс-қимылын жүзеге асырады;
9) соттың құрмет, әскери, арнайы және басқа да атақтарды, сыныптық шен, дипломатиялық дәреже және сыныптық біліктіліктерін алып қою бөлігінде үкімін орындайды;
10) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
11) азаматтарды, сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды, заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштерді қарайды, олар бойынша шешім қабылдайды;
12) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
13) кадрлардың даярлығы мен оқуын ұйымдастырады, кадрлар тапшылығын анықтайды;
14) қарамағындағы бөлімшелерде арнайы сараптама жүргізуді және олардың басшыларын мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті білімге аттестаттауды ұйымдастырады;
15) Департаментте және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінде заңдылықтың сақталуын және сыбайлас жемқорлыққа, азаптауға және өзге де рұқсат етілмеген жұмыс әдістеріне қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша өзіндік қауіпсіздік бөлімшесімен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
16) сыбайлас жемқорлыққа, азаптауға және жұмыстың өзге де рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі үшін және қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасағаны, сондай-ақ олардың азаптаулар мен жұмыстың өзге де рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін барлық деңгейдегі басшылардың дербес жауаптылығы қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
18) сотталғандардың жалпы және кәсіптік білім алуын ұйымдастырады;
19) сотталғандардың еңбекпен қамтылуын ұйымдастырады;
20) сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастырады;
21) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар сұрату және алу;
2) төтенше оқиғалар жағдайлары бойынша қызметтік тергеулер жүргізу, олардың себептерін анықтау және талдау, мұндай жағдайларды болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;
3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен және сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындауды талап ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Департамент бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Департамент бастығының өкілеттігі:
1) өзiнiң орынбасарларының және Департаменттің құрылымдық бөліністері басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерін белгiлейдi;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Департаменттің мүддесін білдіреді;
3) жазаларды орындау кезінде заңдылықтың сақталуын және адамдарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұстауды қамтамасыз етеді;
4) Департаментте және оның ведомствалық бағынысты бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа, азаптауға және өзге де рұқсат етілмеген жұмыс әдістеріне қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және осы салада профилактикалық шараларды іске асырады;
5) Департаменттің өкілеттігі шегінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету, жедел, режимдік, тәрбие және өзге де қызмет жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;
6) өз құзыреті шегінде Департаменттің құқық қорғау органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырады;
7) облыстың қылмыстық-атқару жүйесі кадрларын іріктеуді, орналастыруды және оқытуды ұйымдастырады, Департаменттің, сондай-ақ жазаларды орындайтын және адамдарды ұстайтын мекемелердің жеке құрамының арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті, заңдылықты және құпиялық режимін және қызметтік даярлықты сақтауын ұйымдастырады;
8) берілген құқықтар шегінде еңбек заңнамасына және құқық қорғау қызметі туралы заңнамаға сәйкес тәртіптік жазалар қолданады;
9) заңнамаға және лауазымдар номенклатурасына сәйкес жұмысқа қабылдауды жүзеге асырады, кезекті арнаулы атақ береді, тағайындау, босату, жұмыстан шығару бұйрықтарын шығарады, еңбек және қосымша демалыстар береді, белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлерін, мемлекеттік қызметшілерін және жұмыскерлерін практикалық көмек көрсету және қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізу, басқа да қызметтік мәселелерді шешу үшін іссапарларға жібереді;
10) ҚАЖ қызметіне қатысты заңға тәуелді актілерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
11) өтініште қойылған мәселелерді шешуге құзыретті мемлекеттік органдарға сотталғандардың өтініштерін тікелей жолдау бойынша ведомстволық бағынысты мекемелердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
12) Департаменттің құрылымдық бөліністері туралы ережелерді және лауазымды адамдардың функционалдық міндеттерін бекітеді;
13) қарамағындағы қызметкерлерді мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жібереді;
14) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған жағдайда оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Департамент бастығы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Департаменттің мүлкі
21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.