Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 40-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 124-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығында:
1-тармақта 11-2) тармақша алып тасталсын;
осы бұйрыққа 11-2-қосымша алып тасталсын.
2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
"4-2) осы бұйрыққа 4-2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті туралы ереже;";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Комитет туралы ережені әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Ережені Комитеттің және облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астана және көліктегі полиция департаменттерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністері жеке құрамының зерделеуін ұйымдастыруды;
5) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Комитетке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 851 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 4-2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруды үйлестіретін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, халықаралық келісімшарттарына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің қазақ тіліндегі атауы бар мөрлері мен мөртабаңдары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
4. Комитет өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.
5. Комитет, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарап ретінде түсуге құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: индекс 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы Алматы ауданы Тәуелсіздік даңғылы 1.
9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерін орындау мәніне шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
13. Міндеттері:
1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің және прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты ұйымдастыру және іске асыру;
2) есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
3) есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен және прекурсорлармен байланысты қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу;
4) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
14. Құқықтары мен міндеттемелері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;
есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жетілдіру және іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде халықаралық кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
бейінді халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жетілдіру, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды белгілеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін комиссиялар мен жұмыс топтарын құру, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдік ғалымдарды тарту бойынша ұсыныстар енгізу;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес меншік нысандарына қарамастан, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды айналым үшін өз қызметінде пайдаланатын кез келген ұйымдарды тексеру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшіліктерді жою туралы ұйғарымдар шығару;
заңнамада көзделген тәртіппен және негіздер бойынша, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру;
Қазақстан Республикасының аумағында есiрткi трафигінің және есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын кесу жөнiндегi жедел-iздестiру және арнайы iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, ІІМ басшылығымен келiсiм бойынша оларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және өзге де құқық қорғау органдарының қосымша күштерi мен құралдарын тарту;
заңнамада белгіленген тәртіппен ІІМ орталық аппаратының және полиция департаменттерінің бөліністерімен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және басқа да құқық қорғау органдарымен, ұйымдарымен және азаматтарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттемелері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет түрлерін бақылау және лицензиялауды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласына түсетін техникалық көмек пен инвестициялардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттiк саясат пен стратегияны әзiрлеу және iске асыру, олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы іс-қимылға қатысу;
Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалының жай-күйі мен даму тенденцияларын талдау, нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, халықаралық ұйымдармен есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласында өзара іс-қимыл жасасу;
өз құзыреті шегінде халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау;
есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласында жұмыс iстеу үшiн мамандарды, сондай-ақ профилактиканы ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және үйлестiру;
уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
15. Функциялары:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы және олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу бойынша және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуде денсаулық сақтау органдарына жәрдемдеседi;
3) Комитеттің құрылымдық бөліністерінің қызметін үйлестіруді, ведомстволық бақылауды және жоспарлауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесіп, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды;
5) уәкiлеттi органдармен бiрлесіп, мемлекеттiң есiрткi құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттін қажеттiлiк нормаларын анықтайды;
6) есірткі ахуалының жай-күйін және даму үрдісін, есірткінің заңсыз айналымға түсуінің өңіраралық көздері мен арналарын, олардың жолын жабу жөніндегі шаралардың әзірлемесін, тиісті ақпараттық-талдау материалдарының дайындалуын талдайды;
7) есiрткiлiк әсерi аз, әлдеқайда тиiмдi, қолданылып жүргендерімен салыстырғанда қауіптi емес есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;
8) қызметтерi есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынудың профилактикасымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiреді;
9) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы ғылыми зерттеулерді үйлестіреді;
10) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
12) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту бойынша тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi;
13) мемлекеттiк органдарға және өзге де ұйымдарға есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың мен прекурсорлардың айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар, нұсқамалар енгiзедi;
14) уәкiлеттi органдармен бiрлесіп, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың мен прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимылдар саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
15) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалана отырып мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;
16) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанында есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
17) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың қызметiн, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылда мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
18) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласында инвестицияларды, техникалық көмектi тартуды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
19) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесін талдайды және қорытындылайды;
20) құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетін және өсірілетін жерлерді анықтау және жою жөнiндегi жұмыстарды, сондай-ақ есiрткi құралдары, психотроптық заттарды, прекурсорларды, сол тектестерді заңсыз тасымалдау арналарын және оларды өндіруге арналған жабдықтарды жабу жөнiндегi басқа да шараларды жүргізеді, үйлестіреді, мониторингті жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен заңды тұлғаларға есірткі құралдарың, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсат беруді жүзеге асырады;
22) шет мемлекеттердің арнайы бөліністерімен, ұлттық қауіпсіздік, кеден органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есiрткi құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар контрабандасының және транзитінің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізеді;
23) есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен және прекурсорлармен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізеді;
24) Қазақстан Республикасының аумағында есірткі трафигі мен есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі жедел-іздестіру қызметіне бақылауды жүзеге асырады, оны жүзеге асырудың тиімді нысандарын қорытындылайды және енгізеді;
25) қылмыс жасаған адамдарды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын және арнайы операцияларды жүргізуді үйлестіреді, сондай-ақ басқа құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың оларды жүргізуіне және жүзеге асыруына жәрдемдеседі;
26) есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымынан алынған қылмыстық қаражаты заңдастырумен (жылыстаумен) байланысты қылмыстарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын өткізеді;
27) ТМД қатысушы-мемлекеттермен есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының проблемалары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді;
28) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды сол тектестер мен прекурсорларды тарату үшін Интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдаланудың жол кесуді жүзеге асырады;
29) заманауи ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде есірткі қаупімен күресу әдістерін жетілдіреді;
30) есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте, ізін суытпай қылмыстарды ашуда, жарылғыш заттар мен қару-жарақты табуда, одорологиялық зерттеулерді жүргізуде және қоғамдық тәртіпті сақтауда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қызметтік-іздестіру иттерін тиімді пайдалану бойынша ІІМ Кинологиялық орталығының (бұдан әрі – ІІМ КО), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана және көліктегі полиция департаменттерінің кинологиялық қызмет орталықтарының (бұдан әрі – КҚО) қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылау жүргізеді;
31) арнайы есепке алуды қалыптастырады және жүргізеді;
32) "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Комитетке басшылық етуді Комитет төрағасы жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өздерінің функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасыда сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
1) Комитеттің жұмысын ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында және Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық қатынастарда Комитетті танытады;
3) министрге Комитеттің құрылымы және штаттық саны бойынша ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ Комитеттің құрылымдық бөліністері туралы ережелерді бекітеді;
4) Комитеттің қызметкерлерін, ІІМ Кинологиялық орталығының бастығын тағайындауға, лауазымынан босатуға және жұмыстан шығаруға ұсынады, сондай-ақ министрліктің есепке алу-бақылау лауазымдар номенклатурасына сәйкес аумақтық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің басшыларын лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға келісім береді;
5) ІІМ басшылығына қызметкерлерді көтермелеу, тәртіптік жазалар салу, матариалдық көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізеді;
6) Комитет қызметкерлері арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады, олардың тәртіпті, заңдылықты, құпиялылық режимін сақтауын және кәсіби деңгейін арттыруын қамтамасыз етеді;
7) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштерді қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды;
8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауапкершілікте болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырылады.
20. Комитет төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ меншікті қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік (ақшалай табысты қоса алғанда) есебінен құрылады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер өзгесі заңнамада көзделмесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұймдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.