"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1094 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 852 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу туралы мемлекеттік тізілімде № 12713 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1094 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу қағидалары мен әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 852 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1094 бұйрығына қосымша

Ішкі істер органдарының бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі істер органдарының бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу қағидалары мен әдістемесі (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі істер органдары бөліністеріндегі (бұдан әрі – ІІО бөліністері) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі мен әдістемесін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

      1) басқару стилі – басқару функцияларын тиімді орындауға бағытталған басшының ұжымға әсер етуінің тұрақты және жеке әдістерінің жүйесі;

      2) жасырын сауалнама – жеке деректерді көрсетпей, құпиялылықты қамтамасыз ете отырып, жауап берушілердің ашық пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақпарат жинау әдісі;

      3) жауынгерлік рух – қызметкерлердің моральдық жағдайы мен ынтасының деңгейі, олардың ІІО бөліністеріне жүктелген жедел қызметтік міндеттерді тиімді орындауға даярлығы;

      4) кәсіби шаршау – қызметкерлердің жедел қызметтік тапсырмаларды орындауға қажетті ресурстарының тапшылығынан шамадан тыс жұмыс жүктемесіне байланысты теріс сезімдерді бастан кешіру жай-күйі;

      5) қолайлы моральдық-психологиялық ахуал – тиімді және нәтижелі қызметке ықпал ететін әріптестер мен басшылық арасындағы оң қарым-қатынастармен, қызметкерлердің қызмет шарттарына қанағаттануымен, өзара сенімнің жоғары деңгейімен сипатталатын ахуалдың жай-күйі;

      6) қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал - жауынгерлік рух пен қызметтің тиімділігіне теріс әсер ететін қақтығыстармен, қызметкерлердің наразылығымен, сенімнің төмен деңгейімен, басшылықтың авторитарлық стилінің басым болуымен және кадрлардың жиі ауысыуымен сипатталатын ахуалдың жай-күйі;

      7) қызмет шарттарымен қанағаттану – қызметкерлердің ұйымдастырушылық, материалдық және әлеуметтік жағдайларға қанағаттану деңгейін көрсететін көрсеткіш;

      8) моральдық-психологиялық ахуал – ІІО бөліністерінің алдына қойылған жедел-қызметтік міндеттерді дұрыс түсінумен сипатталатын психологиялық күй;

      9) нашарлау тенденциясы бар орташа қолайлы моральдық-психологиялық ахуал – салыстырмалы түрде тұрақты атмосфера сақталғанмен, жалпы моральдық күй мен жауынгерлік рухтың нашарлауына әкелетін шиеленістің күшею белгілері, тұлғааралық қатынастардағы проблемалар және қанағаттанушылықтың төмендеуі байқалатын ахуалдың жай-күйі;

      10) сауалнама – социологиялық сауалнама шеңберінде жауап берушілердің пікірлері туралы ақпарат алуға арналған мәліметтер жинау құралы;

      11) социологиялық сауалнама (бұдан әрі - сауалнама) – жауап берушілердің сауалнама сұрақтарына жауаптары арқылы ақпарат жинауға арналған зерттеу әдісі;

      12) ұсынымдар – ІІО бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға және қолдауға бағытталған социологиялық сауалнамалардың нәтижелеріне негізделген ұсыныстар жинағы.

      13) ІІО бөліністердегі моральдық-психологиялық ахуалдың социологиялық мониторингі (бұдан әрі – социологиялық мониторинг) – қызметкерлердің қызмет жағдайларына қанағаттануына әсер ететін әлеуметтік процестер мен құбылыстарды анықтауға бағытталған ІІО бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін тұрақты зерттеу.

      3. Социологиялық мониторинг:

      1) ІІО бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың қазіргі уақыттағы жай-күйін бағалау;

      2) қызметкерлердің қызметтен өту шарттарымен және олардың кәсіби қызметпен қанағаттану деңгейін бағалау;

      3) қызметтік жұмыстың тиімділігінде көрінетін қызметкерлердің жауынгерлік рухы мен ынталануына әсер ететін факторларды талдау;

      4) қызметкерлер мен басшылық арасындағы тұлғааралық қатынастарды зерделеу;

      5) қызметтік жұмыстың тиімділігін арттыру үшін моральдық-психологиялық ахуалды қолдау мен жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

2-тарау. Социологиялық мониторингті жүргізу тәртібі мен әдістемесі

      4. Социологиялық мониторинг жыл сайын төртінші тоқсанда ІІО кадр бөліністерінің психологтарымен жүргізіледі.

      ІІО қызмет өткеру шарттарымен қанағаттану деңгейін бағалау осы Қағиданың қосымшасына сәйкес бір мезгілде жүргізіледі.

      5. "Қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал, "нашарлау тенденциясы бар орташа қолайлы" деген қорытынды шығарылған кезде немесе іріктеме жеткіліксіз болған жағдайда, мониторинг үш айдан кейін қайта жүргізіледі.

      6. Ішкі істер министрлігінің психологиялық қызметі ведомство басшылығының шешімі бойынша бір жыл ішінде бөліністерде моральдық-психологиялық ахуалды талдау және ІІО кадр бөліністері психологтарының нәтижелерімен салыстыру мақсатында таңдаулы сауалнама жүргізеді.

      7. Қажет болған жағдайда (қызметкердің шағымы, ұжымдық өтініш, шиеленіс жағдайы бойынша) зерттеу ІІО бөлінісінің бірінші басшысының шешімімен қосымша жүргізіледі.

      8. Социологиялық мониторингті жүргізу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) зерттеу міндеттерін қою, зерттеу әдісін таңдау, дайындық және сауалнаманы жүргізуді ұйымдастыру;

      2) сауалнаманы тікелей жүргізу, толтырылған бланкілердің толықтығы мен сапасын тексеру;

      3) алынған деректерді өңдеу, ұсыныстармен аналитикалық анықтама даярлау.

      9. Сауалнама әзірленген сауалнама және стандартталған әдістемелер негізінде қағаз түрінде немесе онлайн автоматтандырылған ақпараттық жүйе форматында жасырын түрде жүргізіледі.

      10. Сауалнама жүргізер алдында оны өткізу нұсқаулығы мен мақсаты мемлекеттік және орыс тілдерінде түсіндіріледі.

      Сауалнаманың ұзақтығы алпыс минуттан аспайды.

      11. Сауалнама қағаз түрінде жүргізілген жағдайда қызметкер толтырылған сауалнаманы мөрленген қорапқа өз қолымен салады.

      Сауалнама аяқталғаннан кейін үш қызметкерден тұратын комиссияның (психолог, сауалнамаға қатысушы екі респондент) қатысуымен мөрленген қорап ашылады және анкеталар саналады, қорапты ашу хаттамасы жасалады.

      12. Сауалнама қағаз түрінде жүргізілген жағдайда сауалнама нәтижелерін объективті бағалау үшін қызметкерлердің кемінде жетпіс пайызы қатысуы қажет.

      Автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жүргізген кезде - кемінде сексен бес пайызы.

      13. Жетпіс пайыз шекті мәні бос лауазымдарды, декреттік демалыста, еңбек демалысында, іссапарда, қызметке жарамсыз кезінде, сондай-ақ басшыларды және ІІО-да сауалнама алынып жатқан бөліністе алты айдан аз қызмет өткерген қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлердің нақты санынан айқындалады.

      Сексен бес пайыз шекті мәні бос лауазымдарды, декреттік демалыстағы қызметкерлерді, сондай-ақ басшыларды және ІІО-да сауалнама алынып жатқан бөліністе алты айдан аз қызмет өткерген қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлердің нақты санынан айқындалады.

      14. Сауалнама нәтижелерін өңдеу және талдау ІІО бөліністерінің психологтарымен, ал олар болмаған жағдайда – алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтай отырып, полиграфологтармен келесі мерзімдерде жүргізіледі (бөліністің штат санына байланысты):

      Офлайн-форматта:

      1) 300-ден астам қызметкерлермен – 5 жұмыс күні;

      2) 2000-нан астам қызметкерлермен – 15 жұмыс күні;

      3) 3000-нан астам қызметкер – 25 жұмыс күні.

      Онлайн-форматта:

      1) 300-ден астам қызметкерлермен – 3 жұмыс күні;

      2) 2000-нан астам қызметкерлермен – 10 жұмыс күні;

      3) 3000-нан астам қызметкерлермен – 15 жұмыс күні.

      15. Сауалнама нәтижелері бойынша психолог моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша басшыларға ұсынымдар әзірлеумен талдамалық анықтама дайындайды және ІІО бөлінісінің бірінші басшысына ұсынады.

      16. Нәтижелер ІІО аумақтық бөліністеріне жіберіледі және ІІО бөлініс басшыларын тыңдаумен жеке жедел кеңестерде қаралады.

      17. Кадр мәселелеріне жетекшілік ететін ІІО бөлінісінің басшысымен ІІО бөліністерінің тікелей басшыларына психологтың ұсынымдарын орындау мерзімдері белгіленеді.

      18. Сауалнама жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық, тәртіп пен заңдылықты бұзу фактілері туралы ақпаратты ІІО өзіндік қауіпсіздік бөліністеріне бөлініс психологы үш күн ішінде жібереді.

      19. Анкеталар ІІО бөлінісі психологында бір жыл ішінде сақталады, содан кейін жойылуға жатады.

      20. Жүргізілген зерттеу туралы ақпарат (талдамалық есеп, цифрлық деректер) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ІІМ Кадр саясаты департаментіне зерттеу аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      21. Мониторинг бағалаудың критерийлері мен психологиялық ахуалдың белгілерін қамтиды.

      22. Моральдық-психологиялық ахуалды бағалаудың тікелей критерийлері:

      1) қызметпен қанағаттану деңгейі (қызметтік жұмыстың шарттарымен және ұйымдастырылуымен);

      2) ұжымның ауызбіршілік дәрежесі;

      3) ұжымдағы психологиялық шиеленіс;

      4) тұлғааралық өзара қарым-қатынасқа қанағаттану – көлденең (әріптестермен өзара қарым-қатынас) және тігінен (басшылықпен өзара қарым-қатынас);

      5) жауынгерлік рух;

      6) басқару стилі.

      23. Моральдық-психологиялық ахуалды бағалаудың жанама критерийлері:

      1) кадрлардың тұрақсыздығы;

      2) қақтығыстық жағдайлар мен қызметкерлердің толеранттылығының төмен деңгейі;

      3) кәсіби шаршау;

      4) сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі.

      24. Қолайлы моральдық-психологиялық ахуалдың белгілері:

      1) өзара көмек, жоғары дамыған эмпатия, топтық бірлік сезімі;

      2) қызмет өткеру шарттарына жоғары қанағаттану;

      3) басшылардың жеке құрамға қолдау көрсетуі;

      4) жоғары жауынгерлік рух;

      5) жанжалды жағдайлардың болмауы;

      6) психологиялық қысымның болмауы;

      7) жұмыс көлемін бөлудің біркелкілігі;

      8) қызметті бағалау кезіндегі әділеттілік;

      9) жұмыс кестесінің сақталуы.

      25. Қолайсыз моральдық-психологиялық ахуалдың белгілері:

      1) кадрлардың тұрақтамауы, басқа бөліністерге жиі ауысулар;

      2) ұжымдағы психологиялық шиеленіс;

      3) жұмыс кестесінің сақталмауы;

      4) тұлғааралық қақтығыстар;

      5) басшылар тарапынан қолдаудың болмауы, тек қана авторитарлық стильді қолдану;

      6) жауынгерлік рухтың төмендеуі;

      7) қызмет өткеру шарттарына қанағаттанудың төмендігі.

      26. ІІО бөліністердегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы қорытынды мынадай шекті мәндерге сәйкес айқындалады:

      1) "Қолайлы моральдық-психологиялық ахуал" - сауалнамаға қатысқан жауап берушілердің жетпіс бес пайыздан астамы және одан көбі ахуалды қолайлы деп бағалайды.

      2) "Нашарлау тенденциясы бар орташа қолайлы моральдық-психологиялық ахуал" – сауалнамаға қатысқан жауап берушілердің елу бестен жетпіс бес пайызға дейін ахуалды орташа қолайсыз деп бағалайды.

      3) "Қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал" – сауалнамаға қатысқан жауап берушілердің елу бес пайызынан азы ахуалды қолайсыз деп бағалайды.

      27. Моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы қорытындыларды қалыптастыру кезінде екі немесе одан да көп сұрақтарға теріс жауаптар моральдық-психологиялық климатты бағалау пайызын төмендетеді, ол сұрақтардың жалпы санына теріс жауаптары бар сұрақтар санының қатынасы пайызы ретінде есептеледі.

  Ішкі істер органдарының
бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы
социологиялық мониторинг
жүргізу қағидалары мен
әдістемесі Қағидаларына
қосымша

ІІО қызмет өткеру шарттарымен қанағаттану деңгейін бағалау

      Құрметті респондент, ІІО қызмет өткеру шарттарымен қанағаттану деңгейіңізді бағалаңыз. Оң немесе сол мәлімдемені таңдаңыз. Жасалған таңдауды "х" белгісімен белгілеңіз. Әр жолда бір ғана жауап болуы қажет.

Қанағаттанамын

Жоғары

Орта

Төмен

Бейтарап

Төмен

Орта

Жоғары

Қанағаттанбаймын


3

2

1

0

-1

-2

-3


Жұмыстың ұйымдастырылуымен қанағаттанамын








Жұмыстың ұйымдастырылуымен және жағдайларымен қанағаттанбаймын

Қызмет жүктемесі оңтайлы, біркелкі бөлінген








Жұмыс көлемі аса көп және біркелкі бөлінбеген

Жұмыс кестесі сақталады








Жұмыс кестесі сақталмайды

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жеткілікті, жұмыс кабинеті, ұйымдастырушылық техника және т.б. бар








Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жеткіліксіз, жұмыс кабинеті жоқ, ұйымдастырушылық техника жоқ немесе ескірген

Мен кәсіби мансаптық өсу болашағын көремін








Мен өзім үшін кәсіби мансаптық болашақты көрмеймін

Мені әріптестеріммен басшыларым мойындайтынын сезінемін








Мені әріптестеріммен
басшыларым мойындамайтынын сеземін

Еңбек демалысын беру тәртібі сақталады








Еңбек демалысын беру тәртібі сақталмайды

Қазіргі жалақыма қанағаттанамын








Қазіргі жалақыма қанағаттанбаймын

Бос уақыттың ұйымдастырылуына қанағаттанамын








Бос уақыттың ұйымдастырылуына қанағаттанбаймын

Менің психологиялық және физикалық жағдайым қолайлы








Менің психологиялық және физикалық жағдайым қолайсыз

Мен болашаққа сенімдімін, тұрақтылықты сезінемін








Мен болашаққа сенімсізбін, тұрақтылықты сезінбеймін

Әлеуметтік төлемдердің көлеміне қанағаттанамын








Әлеуметтік төлемдердің көлеміне қанағаттанбаймын

Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал қолайлы, қызметтің тиімділігіне оң әсерін тигізеді








Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал қолайсыз, қызметтің тиімділігіне теріс әсерін тигізеді

      Бұл бағанда сіздің пікіріңіз немесе ұсынысыңыз көрсетіледі

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Мәліметтерді өңдеу

      1. Респондеттермен белгіленген бағалар төмендегідей жазылады:

Бағалау

3

2

1

0

-1

-2

-3

Балл

7

6

4

4

3

2

1

      2. Қанағаттану деңгейін субъективті бағалаудың коэффициенті әрбір респондент үшін есептеледі (К): анкетаның барлық 13 тармағы бойынша балдар қосылады және алынған қосынды осы тармақтың санына, яғни 13-ке бөлінеді.

      3. Қанағаттану деңгейін субъективті бағалаудың орташа коэффициенті есептеледі (бұдан әрі - К. орташа): топтың барлық мүшелерінің субъективті бағалауының коэффициенттері қосылады, алынған қосынды респонденттер санына бөлінеді. Алынған К.орт. 1,0-ден 7,0-ге дейін өзгереді. Коэффициент неғұрлым жоғары болса, нәтиже (баға) соғұрлым қолайлы болады.

      Қорытындыға түсініктеме беру.

      1. Қанағаттану деңгейі сауалнамасының субъективті бағалауының орташа коэффициентін келесідей сипаттауға болады:

К. орт., балл

Қанағаттану деңгейінің сипаттамасы

5,4 – тен 7,0 – ге дейін

Толық қанағаттанған

4,6 – дан 5,4 – ке дейін

Жеткілікті қанағаттанған

3,8 – тен 4,6 – ға дейін

Жеткіліксіз қанағаттанған

1,0 – ден 3,8 – ге дейін


Толық қанағаттанбаған

      2. Ұжымдағы "проблемаларды" анықтау үшін қанағаттану деңгейінің 13-тармағының әрқайсысы үшін субъективті бағалаудың орташа коэффициенттері есептеледі: К. орт. 1, К. орт. 2, К. орт. 3.

      Барлық респонденттердің К. орт. 1, К. орт. 2, К. орт. 3. тармақтары бойынша қойылған балдардың сомасы.

      К.орт. = ________________

      Респондеттер саны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады