Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 314 қаулысы

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысынның 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 314 қаулысына қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Орталық) қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары) белгілеудің тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекітеді.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.

      3. Мемлекеттік басқару органы-жарғыға сәйкес Орталықтың уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.

      4. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында козделуге тиіс.

2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі

      5. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Ақтөбе облысының жергілікті бюджетінен ынталандыру үстемелерін төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Ақтөбе облысының мәслихатына жібереді.

      7. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін Орталық басшысы кызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.

      8. Орталық басшысы еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, өз қызметкерлерінің ынталандыру үстемесінің мөлшерін жеке тәртіппен қайта қарауға құқылы.

      9. Ынталандырушы үстемеақылар төленбейді:

      1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;

      2) тиісті лауазым санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда.

3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары

      10. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      11. Осы қаулыда корсетілген Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар "Қазақстан Республикасы органдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазакстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы кіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 каулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне косымша төлемдер болып табылады.

      12. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстеме ақылар және т.б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

      13. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.

      14. Ыпталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      15. Ақтөбе облысының жергілікті бюджеті Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.

      16. Мемлекеттік басқару органы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады