Қандыағаш қаласының атауы жоқ құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 8 қаулысы және Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 256 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 292 қаулысымен және Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 262 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 29.08.2024 № 292 қаулысымен және Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 29.08.2024 № 262 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6, 31- баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 - бабына, Қандыағаш қаласы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 және 2023 жылғы 17 мамырдағы № 1 қорытындылары негізінде, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қандыағаш қаласының келесідей атауы жоқ көшелеріне және саябақтарына атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшеге - Балуан Шолақ көшесі;

      атауы жоқ көшеге - Сайым Балмұқанов көшесі;

      атауы жоқ көшеге - Әлихан Бөкейхан көшесі;

      атауы жоқ көшеге - Бірлік көшесі;

      атауы жоқ саябаққа - Мәңгілік Ел саябағы;

      атауы жоқ саябаққа - Анаға тағзым саябағы;

      атауы жоқ саябаққа - Бақытты бала саябағы;

      атауы жоқ саябаққа - Жауынгерлер саябағы;

      атауы жоқ саябаққа - Батырлар саябағы.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы әкімінің осы сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі Д. Ж. Ермағанбетов
      Мұғалжар аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Д. Кадралин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады