"Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 29-115 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5/3 тармағына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 704 Жарлығының 79-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 590 қаулысына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Балқаш ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Омаров

  Балқаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы "05" желтоқсандағы "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы №29-115 шешіміне қосымша

"Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 75.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудандық мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.

      15. Міндеттері:

      1) аудандық мәслихатпен қабылданатын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;

      2) аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметі жөніндегі мәліметтерін, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерін, сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану үшін дайындау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) аудандық мәслихаттың депутаттарына ұйымдастыру, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;

      2) аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу;

      3) тұрақты және уақытша комиссия отырыстарына қатысу, мәслихат шешімдерінің, комиссиялардың қорытындыларының және шешімдердің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;

      4) нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге рәсімдеу және ұсыну.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға аудандық мәслихаттың құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсету;

      2) аудандық мәслихат сессияларының, тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.

3. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аудандық мәслихаттың төрағасы жүзеге асырады.

      19. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.

      20. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат төрағасының орынбасарлары жоқ.

      21. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат төрағасы өкілеттігі:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды; 3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

      6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

      7) әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

      9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;

      10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

      11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

      12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.

      "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын мәслихат төрағасы басқарады.

4. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      23. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

      5. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Балқаш аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады