Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі "Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 408 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 1 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі "Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3175 болып тіркелген) № 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а Нұрмұханов Е.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады